Лента новостей
Лента новостей - Сарыағашта 5 жасар қыздың өлімі: Салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды
Выпуск от 14.07.2023
В этом выпуске:
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланы азаптап өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтіру белгілері бар жас қыздың мәйіті табылды. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотты болған аудан тұрғынын ұсталды және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен болған оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады», - делінген ведомство ақпаратында.
Прокуратура ұсынған мәлметке сай, күдікті 2006 жылы 10 жылға сотталған.
Ал биыл мамырда ішімдік ішіп, жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін 3 жылға бас бостандығы шектелген.
«Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық түрсірді. Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде», - деп жазылған ведомствоның сайтында жарияланған хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.
Ал, бүгін кісі қолынан көз жұмған 5 жасар бүлдіршіннің денесі жер қойнына тапсырылды.
Түркістан облыстық соты осы уақытқа дейін адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келген адамның неліктен шартты жазаға кесілгенін түсіндірді.
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...