{metadescription}

Лента новостей

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Лента новостей - Батыс Ніл безгегінен адам өлімі тіркелді

Выпуск от 28.08.2024

В этом выпуске:

Испанияның Севилья қаласында Батыс Ніл безгегінен екі өлім тіркелді. Осымен биылғы жазда бұл вирустан құрбан болғандардың жалпы саны беске жетті. Бұған дейін жергілікті билік вирус жұқтырған он оқиғаны анықтағанын хабарлаған, деп жазады Еuronews.

Вирусты тасымалдаушы масалар Гвадалкивир өзенінің бойындағы бірнеше аумақта кездеседі. Барлық дәріханаларда «Масалардың өмірін жеңілдетпе!» деген ұрандар мен инфекцияның алдын алу туралы кеңестер ілінген.

Бұл аймақтағы бірнеше қаланың тұрғындары бұған дейін биліктен тиімді шара қолдануды талап етіп, шерулер де өткізген болатын.

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Еуропаның 9 елінің 80-ге жуық тұрғыны Батыс Ніл вирусын жұқтырған. Әсіресе Грекия мен Италияда.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір инфекция маусымы қызып тұр: Еуропа ауа райы маусымнан қазанға дейін масаларға ең қолайлы кезең.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 80% жағдайда инфекция толығымен симптомсыз өтеді деп мәлімдейді. Жүзден бір жағдайда салдары өте ауыр болуы мүмкін, соның ішінде менингоэнцефалит — жұлын мембраналарының қабынуы көп кездеседі.

Дереккөз: Kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс

Сейчас в эфире