{metadescription}
Адам зорлағандар неге бостандықта жүр?

Адам зорлағандар неге бостандықта жүр?

Айман Омарова өзінің клиенті Наталья Слекишинаның  сұмдық жағдайға тап болғанын айтып, бұған бейжай қарай алмайтын азаматтардан көмек сұрайды.

Қорғаушы Айман Омарова Наталья Слекишина «мені зорлады» деп айыптаған тағы үш адамды қамауға алуды талап етеді. Наталья Слекишина тергеушілерге түрменің төрт қызметкерін атаған болатын, бірақ қамауда тек біреуі ғана отыр, - деп хабарлайды КТК тілшісі.  

Омарованың айтуынша, №2 Медеу аудандық соты «Қамауға алу» бұлтартпау шараларын 16 шілдеде берген. Қазір қамауда отырған еркек - ДНҚ сараптамасының нәтижесінде Слекшина дүниеге әкелген нәрестенің биологиялық әкесі. Нәрестеге Назира есімі берілді.   

«Біреуін қамауға алып, қалғандары неге бостандықта жүр, түсінбеймін! Демек, тергеушілердің қолында қалған азаматтардың да қылмысқа қатысы бары туралы мәлімет бар.  Ол қолымызға түскен жоқ. Бірақ ол дұрыс емес деп ойламаймын, себебі  «тергеу құпиясы» деген түсінік бар, яғни, тергеу аяқталған соң ғана білетін боламыз.  Ал қазір біз айыпталған үш еркекті де қамауға алу туралы өтінішхат  дайындап жатырмыз!», - дейді Айман Омарова.

Құқыққорғаушының есептеуінше, тергеу материалдарында Натальяның өзі көрсеткен бірнеше еркектің зорлағаны туралы мәліметтер бар. Оның анық-қанығы тексеру аяқталған соң белгілі болмақ. Бірақ қазір адвокаттың мазасын кетіріп жүрген біраз дүниелер бар. 

«18 шілдеде, оқиға болғаннан соң, мені Наталья Слекишина отырған СИ-1 (Алматы қ.) изоляторына кіргізбеді.  Ал Натальядан еш  наразылығым жоқ,  денеме зақым және моральдық зиян келтірілген жоқ деген түсініктеме жаздыртып алыпты.  Сонда не болғанын түсіне алмадық!», - дейді адвокат Омарова.

Оның айтуынша, Наталья Слекишина тергеудің немен аяқталатынын және өзінің болашақ тағдырын ойлап қатты уайымдауда. Назирадан бөлек 15 жастағы ұлы мен 8 жасар қызы бар. Олар туыстарында күнелтіп жүр. Екі айлық Назираның денсаулығы жақсы, дегенмен, түрме – нәресте өмір сүретін жер емес, - дейді адвокат.  

Сондай-ақ, Айман Омарова оқырмандарға үндеу салды: сәбиге ескі болса да дөңгелегі мықты, сапалы бесік арба қажет. 

Естеріңізге сала кетсек, түрмеде отырған Наталья Слекишина түзеу мекемесінің төрт қызметкерін топтасып алып әлденеше рет зорлады деп айыптаған. Қыз бала дүниеге келді. Сараптама айыпталғандардың біреуін қыздың әкесі деп таныды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қазір аталмыш оқиғаны тексеруде. Наталья Слекишинаның қорғаушысы  Айман Омарова қазір бірқатар өтінішхат әзірлеп жатыр.  Ол аталмыш істің әділ аяқталуына  қол жеткізетінін айтты. 

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде