{metadescription}
Ерасылдың жанын алған адамның ары ояна ма?

Ерасылдың жанын алған адамның ары ояна ма?

Өмірі қыршыннан қиылған Өскемен тумасы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталуға жақын.

Өкініштісі, бастапқыда қылмыс жасауға тапсырыс берді деп айыпталған шығысқазақстандық кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев айыптылардың арасында жоқ болып шықты. Бұл ақпарат жұртшылықтың зығырданын қайнатуда. Осыған орай, мына жәйтті  айқындап көруге тырыстық. Босатылу туралы қаулыны өзгертуге бастама көтеруге болады екен. Ол үшін не істеу керек?

Аян Мейірбаев осыдан екі ай бұрын бостандыққа шығыпты. Ал ҚР Ішкі істер министрлігі аталмыш іске қатысты мәлімдемені маусым айының аяғында жасады: 

«2016 жылдың 7 мамырында Астана қаласы прокуратурасының келісімімен Мейірбаевқа қатысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153 бабы бойынша  «Қамауда отыру» бұлтартпау шаралары өзгертілді - Мейірбаев босатылды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Алмас Садубаев. Бұл іс-шараны ол қылмыс құрамының жоқтығымен түсіндірді.

Ал қылмыс құрамы былай болған: астаналық медициналық университетінің студенті  Ерасыл Әубәкіров зорлықпен ұрланып, қинап өлтірілген.  Биыл 3 ақпанда ұшты-күйлі жоғалған жігітті достары, туыстары, тіпті қала жұрты, полицейліктер аяғынан тік тұрып іздеген болатын. Бірақ Ерасылды тірідей табу бұйырмады. 10 ақпан күні құқық қорғау органдары «23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің қинап өлтірілген денесі табылды» деген ақпарат таратты. Оның қинап өлтірілгені туралы журналистерге марқұмның туыстары айтқан болатын. Жерлеу рәсімінде мектепті Алтын белгімен бітірген Ерасылмен қоштасуға  туған қаласы Өскеменде қара құрым халық жиналды... 

Аталмыш іс бойынша полиция төрт адамды құрықтаған. Олар: Аян Мейірбеков, әкесі ШҚО аумағында бірқатар ірі нысандардың қожайыны, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенёв және Нұрбек Әжімбай. Соңғысы Әубәкіровті ұрып-соғып жатқанын «кездейсоқ» түсіріп алып, ол видео кейін ғаламторға тарап кеткен болатын.  

Тергеу аяқталды. Қазір айыптылушылар, яғни, қамауда отырғандар, Аян Мейірбековті санамағанда, қылмыстық іс материалдарымен  таныстырылуда.

Біз Мейірбаевтар отбасының өкілі Ерлан Бекполовпен хабарластық. Ол таныстырылу бір аптадан соң аяқталуы мүмкін екенін жеткізді. 

«Сәл-пәл күте тұрыңыздар. Қазір материалдармен таныстырылу аяқталсын, сосын пікірмен бөлісуге болады. Менің ойымша, келесі аптада бітіреді», - деді адвокат.

Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы да солай жауап берді.

Бекполов сондай-ақ, егер айыпкерлер келіспеген жағдайда сот үкіміне қалай қарсылық білдіруге болатынын айтты.

«Сот үкіміне наразылылық білдіруге мүмкіндік бар, тергеуші бірден шешім шығарады – өтінішін қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау, кері қйтару немес сотқа дейінгі тергеуді жаңарту, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу».   

Алда – сот. Әзірге белгілісі, сотқа тартылғандар:  Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенёв және Нұрбек Әжімбай.

Айта кететін жәйт, айыпкерлер Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалауды жаңғыртуға қол жеткізе алатын  заңды құқығы бар екен. Адвокат Лариса Зайцева (көздеген мүддесі жоқ) бұл үшін не қажет екенін түсіндірді:

«Жәбірленуші тарап тергеушінің қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулысына шағым дайындауы керек. Шағым түсіру мерзімі – бір жыл».

ҚР ҚЖК 102 бабы («Шағым түсіру мерзімі»):

«Қылмыстық істің ақ-қарасын анықтаушы орган, прокурор, судья немесе соттың іс-әрекеті мен шешіміне сотқа дейінгі тексеру  және соттың талқылауы барысында шағым жазуға болады. Ал сотқа дейінгі кезеңде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімге шағымды  - қылмыстық қудалаушы органның нмесе немесе прокурордың бекітуімен қаулы шыққан сәттен бастап бір жыл ішінде жазуға болады.

Бірінші апелляциялық сот немес кассациялық инстанция шығарған сот актыларына шағым Кодексте бекітілген мерзімде берілуі тиіс».

Енді еске түсірейік – ІІМ өкілі Аян Мейірбековтің іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екенін мәлімдеген. Лариса Зайцева тап осыны егжей-тегжейлі айтып берді:

«Егер іс қылмыс құрамының жоқтығынан тоқтатылса, онда оны сотта  дәлелдеу керек. Тергеу тарапынан, мысалы, тергеу шаралары жүргізілмеді, қандай да бір айғақ заттар алынып, зерттелмеді, тиісті куәгерлерден жауап алынбады т.б. 

Сот заң  және ішкі сенімін басшылыққа ала отырып қаралған шағымның нәтижесі бойынша қаулы түрінде шешім шығарады,  Зардап шеккен тараптың міндеті – ҚЖК нормаларына сілтеме жасай отырып, сотқа   шын дәлелдері бар арыз жазу, яғни, қылмысқа кінәлі адамға қатысты қылмыстық қудалау заңсыз тоқтатылылды, бұл біздің пікірімізше, ҚЖК нормаларын бұзғанын көрсетіп отыр деп. 

Егер, зардап шеккен тарап құқыққорғау органы мен қылмысқа кінәлі деп айып тағылған адамның арасында келісім барынан күдіктенсе, оны міндетті түрде дәлелдеуі керек. Осылайша кез келген шағымның дәлелі  жазба және ауызша материалдармен қатар жүреді».   

Айтпақшы, аталмыш істің бастапқы кезеңінде Ерасылды ұрып-соғып жатқан бейнеролик әлеуметтік желілерде жария болғанда, көптеген адам Ерасылды қорлап жатқан  -  Аян Мейірбаев деп жазған болатын...

Тергеу бұны растаған жоқ, бірақ бұл полицияның болжамы.

Енді сотты күтеміз....

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде