200-ден астам сюжет. Сан қилы оқиға. Білікті мамандардың талдауы. Көлеңкедегі адам. «Аптап» бағдарламасының бір жылғы жұмысын қорытындылайық.
Аптап: Тоғыз айдың толғағы және айтулы оқиғалар

Аптап: Тоғыз айдың толғағы және айтулы оқиғалар

200-ден астам сюжет. Сан қилы оқиға. Білікті мамандардың талдауы.  Көлеңкедегі адам.  «Аптап» бағдарламасының  бір жылғы жұмысын қорытындылайық.

Қоғам райының тамыршысы, апта оқиғаларының жаршысына айналған «Аптап» бағдарламасы алғаш рет өткен кыркүйек айында көрерменге жол тартты. Содан бері тілшілер талай жерді шарлап, түрлі оқиғаның ортасынан хабар таратты. Бас аяғы бір жылға жетер-жетпес уақытта «Аптап» ұжымы 200-ден астам сюжет дайындап, білікті мамандардың ойларын ортаға салды. Алғашқы көтерген мәселе қыркүйек айында басталған қып-қызыл дүбір - Әліпбиден басталды.

Талғамы биік көрерменге айтар ойды анық жеткізу үшін студияда талай дүниені пайдаланып көрді. Қыран бүркітті тұғырға қондырып, арнайы  алабай төбетін де алдырдық. Аюмен де алыстық.

«Аюға намаз үйреткен таяқ»  дегенде адамды меңзегені емес пе? Ұлға 30, қызға қырық үйден тыйым деген бар емес пе?»

Қараша  халықтың қамын күйттеп, жұрттың жанайқайын тиісті жерге жеткізу үшін «Аптап» тілшілері отқа да,  суға да түсті деуге болады. Қайыр тілеген қайыршының өмірін түсу үшін арнайы қайыршы кейпіне де еніп көрді.

Уақыт өтсе де ұмытылмай, әлі күнге өршіп тұрған  қыз алып қашу салты заң шеңберіне сия ма?Адам құқығы бұзыла ма? Оның да себебін анықтады.  Келін болмаса да, алып қашудың құрбаны болып көрді.

Жұрт жанармай таппай сандалғанда, төртінші мұнай өңдеу зауытының неге салынбай жатқанын жан-жақты ашып айтылды.  

Жанармайдың жыры бітпей жатып көмір дауы басталды. Қылышын сүйретіп қыс келгенде тізесін жылыта алмай дірдектеген жұрт жапа тармағай көмір базаларының алдын торыған еді. Ал тілшілер мәселені әріден қарап, қара кесектің қалаға неге жатпей жатқанын зерттеу үшін, сонау Шұбаркөл кен орнына дейін барып қайтты.

Біреудің қалтасын қампайтып қаймана халық қыстан шықты әйтеуір. Келесі қыста  бұл бағаның қалай құбылатыны белгісіз. Пайда табу, қармап қалу, бәрі сол қалтаның қамы. Талай шенді сол ақшаға қызығып парамен ұсталды. Былыққа батқандардың ішінде Республикалық санавиация орталығы да бар. Бұдан бөлек 4-айда 6-бірдей әуе апаты орын алып Азаматтық авиацияның ақсап тұрғанын байқатты.

«Депутаттар неге оны қабылдайды? Өйткені мәжілісте оны түсіндіріп айтатын бірде-бір авиатор жоқ.  Бұрынғы жеңілдіктерді алып тастады. Тоты Әмңрова айтты ғой, «100 ұшқыш шетелге кетті» деп. Әлі кетеді. Себебі: бізде жағдай жоқ. Ал Қытай мен Тайландта 25 мың еуро жалақы төлеп отыр».

Естіген жанды шошытқан көшедегі тастандылар тақырыбы да назардан тыс қалмады. Көкек аналардың әрекетін ел көрсін деп кейіптеріне де еніп көрдік.

Биылғы көктем  кеш келді. Сондықтан болар ат ауыздықпен су ішпесе де, ел етікпен су кешті. «Аптап» тілшілеріде белуардан малынып жүріп, қазыл су шайған аймақтардан арнайы репортаж таратты.

Шығысты шыр айналдырған тасқын салдарын жұрт әлі тартып отыр. Одан бері үш ай өтсе де, баспаналары жарамсыз болып қалған халыққа өтемақы тамтұмдап берілуде. Тіпті мұз жарамын деп терезелерді талқандағандар да бүлінген әйнектерді бүтіндеп бермеген.

Бұл күндерде артта қалып тарих қойнауына кетті. Шағылған терезе жамалып, бүлінген үйлер бүтінделер. Елдің көкейіндегіні бұқпай айтар көлеңкедегі кісі де қара халықтың бірі. Бейнесін жасырса да, ойындағысын жасырмай шындықты айтты.

Еліміздегі апатты лифтілерге кім жауапты? Бұр сұраққа мардымды жауап таба алмадық. Өйткені Атырауда екі жасөспірім мен Ақтөбедегі келіншектің өлімінен кейін апатты жеделсатылар жаппай тексерілген. Бірақ   жауапкершілікті не министрлік, не әкімшілік мойнына алғысы жоқ.

Елді елең еткізген мәселенің бірі менингит болды. Соңғы бір айдан бері жұрт бала-шағасын қыдыртып базар аралаудан қалған. Өйткені жұқпалы дерттен көз жұмғандар саны көп.  Сондықтан жұқпалы инфекциядан қауіптенгендер медициналық маска киіп, көпшілік орындардан аулақ жүруге тырысады. Дақпыртқа ұласқан бұл дерт бүкіл денсаулық сақтау саласын аяғынан тік тұрғызды. Тіпті министрдің өзі шұғыл Алматыға келіп, ауруханаларды аралап шыққан еді.

Алматыдан басталған ауру  Астана,  Шымкент, Қызылорда және Талдықорғанда таралды. Қазірдің өзінде осы кеселден көз жұмғандар саны 14-ке жетті. Ал осы аптада Үшарал қаласында 16-жасар қыз менингиттен қайтыс болды. 

Сонымен, «Аптаптың» биылғы маусымы аяқталды. Еліміздегі ең айтулы деген оқиғаларды тағы бір тізбектеп көрдік. Бұл біздің бір жыл бойы көрерменге жеткізген жаңалықтарымыз болатын. Өзіміз баға бере алмасымыз анық. Біздің төрешіміз де, қазымыз да  - көрермен.

Ал жаңа  маусымға  жоспар көп. Қоңыр күзде "Аптап" ақпараттық-сараптама бағдарламасымен қайта қауышқанша аман болыңыз!

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҰБТ-2018: БИЫЛҒЫ ТЕСТІЛЕУ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

МИНИСТРГЕ ТӨРТ СҰРАҚ
КЕСАР ТІЛІГІНІҢ КЕЛЕШЕККЕ КЕСІРІ ТИІП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

ӘКІМДІКТЕР ШЫРШАНЫ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАП ЖАТЫР?

ЖАНЫ ҚЫСЫЛҒАН АДАМ ҰСАҚ ҰРЛЫҚҚА БАРА МА? БІР ШЕЛЕК КӨМІР

ЕРСАЙЫН ЕРҚОЖА: «ӨЗІНІҢ АТА-ТЕГІН ДҰРЫС ЖАЗА АЛМАЙТЫН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ БАР»
СЕРІК ЖАНБОЛАТ: БІРЕУДІҢ ЖАЗЫП БЕРГЕН ДҮНИЕСІМЕН ЭФИРГЕ ШЫҒЫП КӨРМЕППІН
КТК АРНАСЫН ТАМАШАЛАУДЫҢ 22 СЕБЕБІ БАР!

 



 


 

 

 

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...