{metadescription}
Биыл 500-ден астам елдімекен су астында қалуы мүмкін

Биыл 500-ден астам елдімекен су астында қалуы мүмкін

Жыл сайын көктемде су тасқыны. Жыл сайын ақша бөлінеді. Келесі жылы тура осы жағдай тағы да қайталанады. Бұдан артық қандай ақиқат керек? Биыл да құтқарушылар етігімен су кешеді. Сонымен көктемгі су тасқынына дайынбыз ба?

Биылғы қыс әдеттегідей батыс пен шығыста қытымыр болды. Қар қалың. Демек қызыл судан қашып құтыла алмайсың.

 Алдағы уақытта 505 елді-мекен қызыл су астында қалуы мүмкін дейді құтқарушылар. Оның ішіндегі 200 ауыл ең қауіпті саналады.

Олардың дені Шығыс және Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарында орналасқан. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай өңірлерінде де су басу қаупі бар ауылдар жетерлік. Бұлардың ішінде табиғат апатына мүлдем дайын емес аймақтар да бар.

 Тасқынға дайын емес 88 елдімекеннің әкіміне ескерту жіберілді. Мәселен, Алматы, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында әкімдіктер тасқынға дайын емес.  Бұл жергілікті билік өкілдерінің, әсіресе, ауылдық және аудандық әкімдік деңгейінде табиғи апаттың алдын алуға аса мән берілмейтінін көрсетеді, - дейді Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

Соған қарамастан, вице-министр биыл тасқынға тосқын қою өз дейгейінде жүргізіліп жатыр деп сендірді. Оның айтуынша, өңірлердегі арық атаулы тазаланып, үйілген қар полигондарға камазбен шығарылуда.

 Көктемгі апаттың алдын  алуға жыл сайын қазынадан қыруар қаржы бөлінеді.

Мәселен, 3 жылда 10 миллиард теңге жұмсалған. Бұған қоса, жергілікті әкімдіктердің миллиондаған қаржысы қызыл суға ағып жатыр.

Бұрын тасқынға тосқын болсын деп қар тоқтату, өзен арналарын ашу жұмыстары жүргізілетін. Ал тұрғындар арықтарды тазалап, ауласынан шыққан қарды аулаққа таситын. Қазір мұндайды байқамаймыз. Жұрт қызыл су қонышынан келгенде барып құтқарушыларға қол жаяды. Биыл да солай. Аулаларына қап-қап құм жинап қойған тұрғындар тек қардың баяу еруін тілеумен отыр.

Ғалымдар соңғы жылдары тасқынның жиі қайталануын климаттың өзгеруінен көреді. Ал табиғаттың тентек мінезіне қарсы тұрар ешкімнің қауқары жоқ. Сондықтан оған мойынұсынып, суды қауіпсіз жерге ағызудың оңтайлы жолын табу керек сияқты. Сақтықта қорлық жоқ.

Репортаждың толық нұсқасын мына жерден қараңыз. Аптаның әр жексенбісінде сағат 20:00-де КТК арнасынан "Аптап" талдау мен түйін жасайтын сараптамалық бағдарламасын қарауға асығыңыз.

Оқи отырыңыз: Азаматхан Әміртай: Әлемдік ұйым Қазақстанға миллиардтаған айыппұл салуы мүмкін
Видео: 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай өзгереді 

Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай 

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде