{metadescription}
Киелі киікті қалай сақтап қаламыз?

Киелі киікті қалай сақтап қаламыз?

Киіктің жоғалып бара жатқанына  үнсіз қарап отырамыз ба?  Мүйізіне бола қынадай қырып бара жатқан браконьерлердің жазасын кім бермек?  Кеудесін оққа тосып жүрген табиғат қорғаушыларының өздері қаншалықты қорғалған? Үкіметке депутаттық сауал жолдап, осы мәселелерді шешуді сұраған сенатор Әлімжан Құртаевпен КТК тілшісімен сұхбаттасты.

Әлімжан Сейітжанұлы, осы аптада сіз аса үлкен бір мәлімдеме жасадыңыз – депутаттық сауал. Қазір қоғамда әлеуметтік мәселе аз емес. Киелі киіктер туралы, олардың саны азайып бара жатқаны,  оларды қорғайтын нспекторлардың мәселесіне қатысты өзекті мәселе қозғап отырсыз.

Киік – киелі аң. Киікті сонау 1920 жылы аулауға тыйым салған екен. 1960 жылы аулауға қайтадан рұқсат берген. Себебі, 1960 жылы даламызда киіктің саны 2 милионнан асқан екен. Ол заманда жоспарлы түрде аулау болған, етін пайдалану үшін.

Арнайы үкіметтік саясат болды ғой?

Үкіметтік саясат болған. 1960-шы жылдары 2 миллионнан астам киік  2018 жылғы ақпарат бойынша 200 мың қалып отыр. Он есе азайып кеткен! Табиғи қырылғаны, браконьерлердің қыруы –  халқымыздың  қазіргі жанайқайының бірі. Депутаттық сауалды көтеруге итермелеген – даламыздың киесі – киікті сақтап қалу мәселесі де осы.  

Табиғи қырылуы және браконьерлердің қолымен қыру деп айтып отырсыз. Алғашқының әңгімесі қалай болды? Екі-үш жыл бұрын масқара – киік қырылып, даланың бәрі қан сасып қалды ғой. Соның  нәтижесі шықты ма?

Әлі мамандар зерттеп, әртүрлі себебін айтуда. Бірақ ол табиғи қырылудың астарында адамның қатысы бар деген ой жатыр. Солай болуы мүмкін. Ал екіншісі – дамып бара жатқан браконьерлер.

Браконьерлердің қолынан біздің даланың киігі тұрмақ, кісі де қаза тауып жатыр. Өзіңіз депутаттық сауалда азаматымыз Нұрғалиев туралы айттыңыз. Бұл біздің қорғаушы инспекторларымыздың дәрменсіздігі ме? Техникалық немесе басқа бір құрал-жабдықтан жаңа браконьерлерден кем қалғаны деп ойламайсыз ба?

Бұл біріншіден, заңның солқылдағы. Қазіргі заң браконьерлерді қорғайды. Мысалға, киік мүйізінің Қазақстандағы бағасы 2 келісі 200 мыңнан асып отыр. Ал Қытай базарларында 3500-5000 доллар арасында дейді. Сонда 4 мүйіз 1 килограмм болса, әр мүйіздің бағасы Қытай базарындағы 1000 доллар төңірегінде. Ал соны атып алған браконьерге салынатын айыппұл 300 айлық есепті көрсеткіш. Екеуі салыстыруға тұрмайтын нәрсе, заңның солқылдағы осы жерде.

Яғни, тіпті атып алып қолға түскен жағдайда айыппұл төлейді де, кете бара ма?  

Айыппұл өзіне түскен көлденең табысының оннан бір бөлігі болып қалайын деп тұр. Сол үшін заңға өзгерістер енгізу керек деп ұсыныс айтқанбыз.

Қандай ұсыныс бар? Не істеу керек оларға?

Біздің көтеріп отырған мәселе – киікті қорғау жөнінде бөлек заң дайындау. «Охотзоопром» инспекторларының материалдық-техникалық базасының және еңбек ақысының төмендігі. Мысалы, браконьерлер қазір ең соңғы үлгідегі жол таңдамайтын көліктермен жүрсе, инспекторларымыз уазикпен, кешегі одақтан қалған техникамен жүр. Бұл да шешімін таппай жүрген мәселе.

Сананы тұрмыс билейді  дейді. Аз ақша алып отырған инспекторды сатып алу мүмкіндігі бар ма?

Кез келген браконьерге онша қиындық тудырмайды.

Жаңағы айтып отырмыз ғой, жауапкершілік дегенде қатаңдатқан жағдайда қандай ұсыныс бар?

Бұл жөнінде Ауыл шаруашылық министрлігі Әділет министрлігімен қоса жұмыс жасайтын болады. Енді аталмыш сауалға үкіметтің жауабын күтеміз. Одан кейін жұмысшы топтар құрылу керек деп ойлаймыз. Сол баптарды қатаңдату жөнінде қандай ұсыныстар болады? Бұл Ауыл шаруашылық министрлігі , Әділет министрлігінен қандай баптар болады. Оның барлығы алдағы уақыт еншісіндегі тірліктер.

«Охотзоопромды» ауыл шаруашылығы министрлігінен  бөлек шығарып, өз алдына мекеме қылу туралы ұсыныс болды. Оның қажеттілігі қандай? Мысалы, министрлік тарапынан олардың жұмысы көрінбей қалып жатыр ма? Тиімсіз бе?  

Бөлек жауапкершілігін күшейтіп, бөлек ұжым қылып шығарса, оның өзінің статусы артады деген ұсыныстар бар. Одан кейін киіктердің жүретін жерлеріне табиғи парктер ашу. Мысалы, Ақмола облысының Қорғалжың ауданы киіктердің негізгі мекені. Ақтөбеге дейін  табиғи парктер ашылса. Сонда киікпен қоса табиғат ананың басқа да жан-жануарларын сақтап қалуға өз үлесін тигізеді деп ойлаймыз.

Нұрғалиевтің ісіне қатысты әлі нүкте қойылған жоқ. Өткен аптада ғана Қарағандының аумағында ұсталды. Біз айтып отырған «Охотзоопром» инспекторларының қатысы бар. Осыған байланысты ойыңыз қандай?

Бірден-бір себеп – инспектордың еңбек ақысының төмендігі, жауапкершілігінің аздығы. Екіншіден, Нұрғалиевті тұңғыш елбасы, бірінші президентіміздің жарлығымен «Барыс» ордені берілді. Оның еңбегі бағаланды. Бірақ сол іс әлі сиыр құйымшақтанып созылып келеді. Ол да өз шешімін табуы керек.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден қараңыз. Аптаның әр жексенбісінде сағат 20:00-де КТК арнасынан "Аптап" бағдарламасын қарауға асығыңыз.

Оқи отырыңыз: Әділ Ахметов: Билікті бейбіт жолмен тапсыру біздің өркениетті ел екенімізді көрсетті 
Ауылға бөлінген қаржы неге ысырап болып жатыр? 

Азаматхан Әміртай: Әлемдік ұйым Қазақстанға миллиардтаған айыппұл салуы мүмкін 

Жазира Бегалы: Қуаныштан жылап жіберген сәттерім көп 

Мұрат Әбенов: Әкімдердің жылдық есебі жұлдыздардың гала-концерті сияқты 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде