{metadescription}
20 – 26 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

20 – 26 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиғалар болады? Не жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 20 – 26 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.

20 – 26 мамырға арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқтылар оқиғалар жылдамдықпен дамып отырса да, өз жоспарынан бас тартпайды. Сапар күтілуде. Бұрынғы достардың бірі күтпеген жерден келеді. Бұл күндері соған ақыл айтып, қолдау көрсетумен боласыз. Көптеген әңгімелер, пікірталастар болады. Жұмыста қыруар шаруа күтіп тұр. Жүктеме ұлғаяды, оның көлемі кеңейеді. Ұсақ-түйекке егжей-тегжейлі назар аудару қажет. Жұмыс сапасы сізге байланысты. Өзгелердің пікірі кәсіпқойлықты бағалауда шешуші болады. Сонымен қоса денсаулығыңызды ойлайсыз. Алдын алу шараларын жасайсыз.  Жас көрінуге, көрікті болуға ұмтыласыз. Көбісі  бизнес-бәсекелестердің немесе көршілердің әрекеттеріне қызығушылық танытады. Басқа адамдардың жоспарын білдірмей аңдуға көшесіз. Өзгелердің өміріндегі өзгерістер мен бетбұрыстар алаңдатады. Өз өміріңізде күйбің тіршілік. Махаббат туралы жиі ойлайсыз.

Торпақтар эмоциясын жасырып, әлсіздігін көрсеткісі келмейді. Ішкі мұңын ешкімге білдірмейді. Бұл аптада достары мен туыстарының арасында түсініспеушілік болуы мүмкін. Ыңғайсыз жағдайлар реніш пен өкініш тудырады. Үйлесімділіктің жоғын қатты түсінесіз, басқалармен мүддеңіз бөлек екенін біліп, ашуыңызды тежеумен боласыз. Жалғыз отырып қатты ойға батасыз, мұңаясыз. Бұл аптада пікірлес адамдармен болғаныңыз дұрыс. Жақын адамммен араласуға ұмтылыңыз.  Бұл мазаңызды алып жүрген адами адасуыңыздан құтылдырады. Көбісі қаржыдан қиналады. Ақша күтіп дегбіріңіз қашады. Үйдегі жасы кіші адамға қатысты шығындар күтілуде. Жоғары жақтағы адам қолдау көрсетуі мүмкін, материалдық жағынан да көмек беруі мүмкін. Сізді үлгі етеді. Өзіңізді мақтан тұтасыз. Жеке өмірде көңіліңіз сууы мүмкін. Бойдақтар жаңа махаббат іздейді

Егіздер өздігімен істеген жұмыстарын бағалайтын болады. Өз қағидасы мен ниетін өзгертпейді. Жоспарларын  іске асыруға құлшынысы мол. Кәсіп етуге құмар, шығармашылық басым. Бұл аптада өзіне қызық адамдарға көңіл бөледі. Араласатын адамдарыңыз көп,  солардың пайдасын көруге тырысыңыз. Осы аптада кездескен адамыңыз маңызды болмақ.  Жеке бастың сыртқы көрінісіне мән бересіз. Кейпіңізге көңіл бөліп, айналаңыздағы адамдарға тартымды көрінетін боласыз. Сөйтіп өзгеге ықпал етесіз. Жақсы ақша жасайсыз. Өз жетістігіңіз бен жұмысыңызға көңіліңіз толып, риза боласыз. Тек үйдегі туыстар мен отбасы проблемасы көңілге секем алдырады. Бірақ ол сізге қатты әсер етпейді. Бұл аптада рұқсат алу, дауды тоқтату, құжат өткізуге лайықты апта. Заңгерлердің жолы болады. Жеке өмірде ғашық болып, құпия қарым-қатынас орын алады.    

Шаяндар өздерінің кәсіби салаларын жаңартуға мүдделі. Өзара тиімді шарттар бойынша бірлескен қызмет туралы келісім жасалуы мүмкін. Белгілі бір серіктестен ынтымақтастық туралы ұсыныс келешекте түбегейлі өзгерістерге себеп болады. Маңызды шешім қабылдау қажет. Сенімді жоғалтпау үшін бәрін бақылап отырады. Достарыңыз бен отбасыңыздың сізге қатысты эмоционалдық қарым-қатынасы сізге қатты әсер етеді. Жасы кіші туысқанға қатысты кейбір салқын қатынас орнауы мүмкін. Айтарлықтай шығындар күтілуде. Ірі нәрсе стаып алуыңыз мүмкін. Көбісі жолға шығады. Бұл әрқашан материалдық мүдделермен, меншік мәселесімен байланысты болады. Ең алдымен, денсаулықты жақсарту, әл-ауқатты жақсарту қажеттігі туады. Көбісі тісін емдетеді. Жеке өміріңізде сеніміңіз өзгермейді. Отбасылы барлар қасындағы адамына көңілі толады. Бойдақтар  күнге дейін іздеуде....  

Арыстандар кез келген өзгерістерді  асқан сақтылықпен елеңдеп қабылдайды. Басқалардың мінез-құлқына, оқиғаларға қатысты алған әсеріне назар аударасыз. Осы кезеңде бәрін сыртынан бақылап, елдің істеген ісін қадағалаумен боласыз. Сіз үшін кез-келген іс-шараның маңызды бөлігін өз пайдаңызға жаратқыңыз келеді. Және сіз, әрине, қателеспейсіз. Бүгінде сәттілік сіздің қолыңызда. Материалдық жағдай жақсарады. Жеке деңгейде күтілетін өсу және біреудің пікіріне ықпал ету үрдісі жоқ емес. Достарыңыз бен әріптестеріңіз сізді бағалайды және құрметтейді. Бұрын сізге құнды қызмет көрсеткен танысыңызбен  кездесуіңіз мүмкін. Бар ережелерді айналып өтіп, бір реттік ынтымақтастықтың қызықты перспективасы ашылады. Тек денсаулықты қадағалау керек, себебі суық тию қаупі бар. Кәсіби салада шығармашылық демалыс, ерекше жаңалық болуы мүмкін. Көре алмаушылар көп болмақ.  Жоғарыдан қысым көрсетілуі мүмкін, төтеп беруге тура келеді. Жеке өмірде қызғаныш, сатқындық орын алуы мүмкін. Қызғаныш, көз жасы мен құмарлық күтілуде...

Бикештер сқарым-қатынас жасауға тартымды. Өзгеге ұнап, басқалар сізге үлкен сенім артады. Көп ақпарат түседі. Барлық оқиғаларды үнемі біліп отырасыз. Ұзақ уақыт бойы азап шеккен сұраққа жауап кенеттен пайда болады. Осы кезеңде  таңдауыңызды жасауыңыз керек - досыңыздың күмәнді әрекетінен бүлінген қарым-қатынасты үзу немесе жақындасутұр. Бұл оңай емес, бірақ оның нәтижесі сізге байланысты. Отбасыңызда, туыстарыңызбен бірге маңызды оқиғалар болуы мүмкін. Жақын танысыңыздың арқасында  жаңа адаммен танысу, қарым-қатынас болады. Көбісі әлеуметтік мәртебесін өзгертеді. Басқалары кәсіби қызметіндегі өзгерістерге бейімделеді. Кәдімгі өмір салтын, күнделікті өмірді, еңбек жағдайларында өзгерістер күтілуде. Белгілі адамнан жақсы сыйлық келеді. Қаржы жағы бақылауда. Жеке өмірде жарқын оқиғалар күтілуде. Таныстық болуы мүмкін. Күтпеген оқиға болуы да мүмкін. Қысқасы, сіз таң қаласыз.

Таразылар жұмыс орнын ұйымдастырумен немесе бөлмені қайта жаңғыртумен айналысатын болады. Жаңарту сіздің өміріңізде бәрібір болады. Жиһазды ауыстыру, үй сатып алу, жөндеу, - бұл сіздің өміріңізге белсенді түрде енеді. Туыстар арасындағы жанжалды шешу мәселесімен  айналысуға мәжбүр боласыз. Ол көбінесе көбінесе ақша мәселесі. Кәсіпқой саладағы өте өршіл және белсенді әріптестердің немесе бәсекелестердің әрекеттеріне қарсы тұрасыз. Құзыреттілік, жеке түсіну және кез келген сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі туралы мәселе айрықша маңызға ие болады. Сіздің арқаңызда атын жасап, беделге ие болғысы келетіндердің тарапынан олардың көре алмаушылыған, ашуына, қулығына куә боласыз.  Дегенмен басқа адамдарға кедергі келтіретін мәселеде жауапты және батыл боласыз. Сіз жақта артықшылық бар, соның ішінде пікірлестер тарапынан сізге құрмет те бар. Тиімді ынтымақтастық ұсынылады. Жолда жүру керек болады. Махаббат мәселесінде моральды, беделіңізді жиын тастауға тура келеді.

Сарышаяндар романтика мен құр қиялға берілмейді. Мақсаттарыңыз прагматикалық,  әр әрекеттеріңіз ойластырылған. Осы кезеңде мүдделер бірлігін сезінбейтін адамдармен қарым-қатынас жасағыңыз келмейді. Достарыңызбен және әріптестеріңізбен келіспеуіңіз мүмкін. Қажет емес нәрселерден, қарым-қатынастардан тез арыласыз. Дегенмен, сіз қызықтыратын таныстық күтілуде. Жұмыс және кәсіби дамуға көп уақыт, күш-жігер жұмсайсыз. Ауызша келісімдер, әріптестік келісімдер және қосымша жұмыспен байланысты іс-шаралар ерекше маңызға ие болады.  Жұмыс құпияны қажет етеді. Бірақ нәтижесі сізге және басқа адамдарға ұнауы мүмкін. Көбісі жұрт алдында сөйлеп, адамдар мен оқиғалардың астында қалады. Белгілі бір лауазымды тұлғаның марапатына, көтермелеуіне үміттенеді.  Достарының компаниясында демалыс күтілуде. Қаржы аспектілері жақсарады. Жеке өмірде көп нәрсе түсініксіз, тұрақсыз қалады. Ал бүгінгі қарым-қатынастарыңызда сенімсіздік бар. Үйленгендерде еш өзгеріс жоқ.

Мергендер сенімділік жетіспеушілігін жиі сезеді.  Ішкі уайымы мазасын алады. Өткендегі қиялдарыңыздан шығып, тұрақтылық іздейсіз. Бүгінгі күн қайырымсыз болып көрінеді. Бұндай күрделі лабиринттарда жоғалып кетіп, күш-қуатыңыздан айырылып қалуыңыз мүмккін. Бірақ бәрінен жұмыс құтқарады. Көбісі өзінің кәсіби жұмысын қарастырады. Кәсібін ауыстырып, өзіне пайда әкелетін салаға барсам ба деген ой келеді. Тіпті осы идеяны іске асыру үшін бірқатар әрекеттер жасайсыз. Өмірдің материалдық жағы сізге тұрақты шешім қабылдауды, жағдайды жақсартудың жаңа жолын табуды талап етеді. Жақын адаммен қарым-қатынаста қиындықтар болуы мүмкін. Сіз жылулық пен түсінік жетіспегендіктен алаңдап, қобалжып, қырқасыз. Тұрмыс та кішкене нәрселер мен тыныштық туралы ұмытып кетуге мүмкіндік бермейді. Кішігірім жөндеу жұмыстары, жиһазды қайта құру күтілуде. Үйіңізге күтпеген қонақтар келеді. Сөйтіп құпия ашылады.

Тауешкілер асығыстық пен күйгелектігінен зиян шегуі мүмкін. Қажетсіз зат сатып алып, болмаса күдікті адаммен танысып қателік жіберуіңіз мүмкін. Өзінің икемсіздігінің кесірінен мазалы уақыт болмақ. Өз мәселесін біреуге шештіріп, нақты іс-әрекет ететіндердің жолы болады. Тапсырмалар беріп, бәрін өзі қадағаландар жетістікке жетеді. Сонымен бірге тағдыр сізді өткенде өміріңізде маңызды рөл ойнаған бір адаммен кездестіреді. Сіз ұмыт болған қарызды қайтарып немес кезінде орындаймын деп уәде берген міндеттемені істеуге мәжбүр боласыз. Шығармашылық кәсіби қызметті күшейтуге көмектеседі. Күткен жақтан ақша түсуі мүмкін. Қысқа мерзімді қосымша жұмысқа орналасу мүмкіндігі туады. Ол сіздің хоббиіңізбен немесе ерекше нәрсемен байланысты. Туыстардың өтініштерімен сапарға шығасыз. Сезім жетіспейді. Ол аз. Қасыңыздағы адамнан алыстай бересіз. Бойдақтардың көңілі суыйды.

Суқұйғыштар өзін ұмытқандарға өзі туралы хабар беруге ынтасы болмайды. Тағдыр деген бұл үлкен қойылымдағы өз рөліңізді білесіз. Өзіңізге сенімдісіз. Әрдайым жұмысбасты болып, әр нәрсені егжей-тегжейлі бақылайсыз. Түрлі адамдармен кездесесіз. Маңызды шешім қабылдап, келіссөз жүргізесіз. Әріптестердің, пікірлестердің қолдауы ішкі еркіндік пен пікірдің тәуелсіздігін сезінуге себеп береді. Қаржы жағы жақсарады. Көптеген адамдар өмірдің күнделікті өміріне назар аударады. Интерьерді жетілдіру, жиһаз немесе техникалық құрылғыларды сатып алу жұмыстары күтілуде. Жоспарлар қашықтыққа байланысты. Қонақ шақырып, қонақтарды шығарып саласыз. Басқа өңірге немесе шетелге шығуыңыз мүмкін. Туысқандық қарым-қатынасты жақсартуға қолайлы кезең бұл. Әріптестердің қолдауы еркіндік беріп, өз бетіңізше талқылауға мүмкіндік береді. Отырыстарға арналған апта. Сыйлық жасауға. Туысқандарға арналған кезең. Денсаулықты сақтау керек.

Балықтар жиі күтпеген тұсынан ерекшеленеді.  Өзіне ұқсамайды. Бұрынғы образынан айырылады.  Әріптестері мен көршілерімен қарым-қатынасын өзгертеді. Достарыңыздың барлығы сізді сөз қылады. Басқалар үшін маңызды болып көрінетін мәселеге қызықпайтын секілдісіз. Ойларыңыз бен көңіл-күйіңізді ешкім шеше алмайды. Осы кезеңде құпия сақтаушы боласыз.  Ешкімге ашылмайсыз, бірақ басқалармен тез байланысқа шығасыз. Диалогты оңай жүргізе аласыз. Бұл кезеңде көп жұмыс істеуге тура келеді. Есесіне қаржы мәселесін жақсартасыз. Өзіңіздің ықпалыңыздың пайда болуы алаңдатады.  Ол  киім үлгісінде, жаңа шаш қойылымында, тағы басқа қызығушылықта көрініс табады. Жеке өміріңіздің жасампаздық қажет етіледі. Бұл әсіресе сырттан сезім күтетіндерге арналады.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Үй салудың ең оңай үлгісі 

ҰБТ: Маңызды 5 ақпарат 

Миф: Арықтауға арналған 5 жалған ұсыныс 

Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея

Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі? 

Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе... 

Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін? 

Киелі киім – қай киім? 

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде