{metadescription}
Қимыл тілі: Сәби ереше қимылымен нені айтқысы келеді

Қимыл тілі: Сәби ереше қимылымен нені айтқысы келеді

Дүние есігін ашқан нәресте сөйлей алмағанымен, денесі қимылдап жатады. Кейбір ерекше іс-қимыл нені білдіреді? Кішкентай баланың ұғынуы, көру, есту, иіс сезу қабілеті өте сезімтал, сондықтан оның әр қимылы сыртқы немесе ішкі дүниесіне қайтарған жауабы десе болады. Ендеше оның аш екенін, ауырып жатқанын, дене қызуын, жалпы көңіл күйін қимылына қарап қалай ажыратуға болады?

Ерекше іс-қимылдың нені білдіретінін білейік.Сонымен:

Аяғын әрдайым ербеңдетсе 

 Балаңыз беймаза күйге түсіп, аяғын ербеңдете берсе, демек бір нәрсеге мазасы кетіп жатыр деп ұғыңыз. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін. Мысалы: жаялығы бұлғанды, бөлме температурасы жайсыз, жатқан жері тар немесе ауаның иісі жағымсыз. Анығырақ білу үшін балаңызға зер салып қараңыз. Егер оның түрі жайбарақат немесе күліп жатса, онда байбалам салудың қажет жоқ. Ол жай ғана ойнағысы келіп, өзіне назар аударғысы келеді.

Арқасын шалқалақтатып, иілсе

Аса көңіл бөлетін нәрсе - арқасын ішке қарай бүгіп, басын шалқалақтату. Мұндай біртүрлі қимыл бір жері ауырып жатқанын немесе асқазан қыжылын білдіруі мүмкін. Егер асқазан қышқылы кеудесінің орта тұсындағы өңешіне түскенде сәби қыжылды басу үшін арқасын бүгуі мүмкін. Ал емізіп отырғанда шалқалақтаса, демек ол тамаққа тойғанының белгісі. Бәлкім, оны тамақ қорытуы мазалауы мүмкін.

Ал сәл ересек балалардың шалқалақтауы көңіл күйінің жоқтығын немесе қатты шаршағанын білдіреді. Егер бұндай күйде жыласа, ұзақ жыласа, онда міндетті түрде дәрігерге көрсетіңіз.

Қолын қатты ербеңдетсе

Демек айналасында бір нәрсе мазалайды деген сөз. Ол – жарқыраған шам, қатты дыбыстар, шу немесе қатты қимылдар. Ұйықтап жатқанда, тіпті ояу жатқанда да сәбиді бұндай «нәрселер» алаңдатпауы тиіс. Айтпақшы, ұйықтағанда өзін жарақаттамасын десеңіз, жөргекке орап жатқызған дұрыс.

Басын біртүрлі қозғалта берсе

Педиатрлардың айтуынша, көбінесе сәбилер өзін тыныштандыру үшін басын алға, артқа қарай ырғақпен қозғалтады екен. Алайда көңіл аударатын бір нәрсе бар. Балаңыз басын еріксіз жиі изеп, болмаса басын бірдемеге ұрса, онда дәрігеге көрсетіңіз. Әсіресе осындай қимыл жасағанда оның назарын ойыншыққа аударып көріңіз. Егер оны елең қылмай қиымылын қайтала берсе, дәрігерге апаруға тура келеді. Көптеген балалар тынышталу үшін басын алдыға, артқа қозғағанды үш жасқа қарай қойып кетеді дейді.

Жұдырығын түйіп алса

Тамақ ішкісі келеді. Тіпті жыламаса да, жылдам тамақтандырыңыз. Сәбидің қарны ашқанда оның бүкіл денесі тырысып, еріксіз бүгіледі. Бұны елеусіз қалдырмаңыз.

Құлағына жармаса берсе

Көптеген ата-аналар, егер баласы жиі құлағына ұстай берсе, зақым келтіреді деп қорқады. Естеріңізде болсын, құлағында инфекция немесе басқа нәрсе болса, онда сәби қыңқылдап жылап мазаңызды алар еді. Егер жыламай, бейқам жатса, онда баланың бір «қызық» зат тауып алып, соны түсінгісі келіп әлектенгені деп ұғыңыз. Айтпақшы, сонымен бірге, құлағына деген үлкен ықылас, баланың тісі шығып келе жатқанын білдіреді екен.

Тізесін бүге берсе

Егер тізесін өзіне қарай бүксе, дереу дәрігерге көрсетіңіз. Бұл бәлкім, ас қорытудағы  проблемаларды көрсете алады. Ең жиі кездесетін себептер - газ, іш қату, диарея немесе асқазанның ыңғайсыздығы. Бұл жағдайда алғашқы көмек – ауруды жеңілдету. Балаңызды кекіргеннен құтқаруға көмектесіңіз. Ол үшін арқасынан ақырындап, жайлап шапалақтаған дұрыс дейді. Бұндай әрекеттен кейін тынышталмаса, оны міндетті түрде дәрігерге апарыңыз.

Оқи отырыңыз: ҰБТ: Психологиялық дайындық. Ата-анаға кеңес 

Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

Миф: Арықтауға арналған 5 жалған ұсыныс 

Ресепшн: Күмәнің болса, қолдануға асықпа 

Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея 

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.