{metadescription}
1– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

1– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиғалар болады? Не жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 1– 30  маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.

1– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқтылар өзіне пайда әкелетін, бірақ қысқа мерзімге арналған бірқатар келіссөздер жасайды. Бұл іс-әрекеттер бір нәрсені жасауға, салуға, құруға бағытталады. Сіз шығармашылық ұжымда жаңа іске бастама көтересіз. Бүгінгі жоспарларға қатысты сапарға шығуыңыз мүмкін. Сонымен бірге алыстан келген қонақпен жарқын кездесу болады. Отырыстар, өткенді еске алып бір дастарқанда көңіл көтересіз. Бұл аптада достарңыздың маңызын түсінесіз. Олар сіздің өміріңізге жақсы ықпал етеді. Ортақ мүдделі дүниелер отырыстарға түрткі болмақ. Қызметіңіз жүгірістермен, өз қолыңызбен жаңа бағдарламалар жасаумен тікелей байланыста. Ірі зат сатып алуыңыз мүмкін, шығындар күтілуде.

Торпақтар мақсатына қол жеткізуді қаржылық және материалдық тәртіптің жеке деңгейімен байланыстырады. Өзіңізді бай адам деп есептесеңіз, өзіңізге сенімді болуыңыз қажет. Сонымен қатар көп адамдарға тартымды болу сіз үшін ерекше маңызға ие болады. Сыртқы келбетіңізді жөндеуге тырысасыз. Шашын,  оның түсін өзгеруіңіз мүмкін. Кейбір табысты адамға еліктейсіз. Бұл кезеңде сырттағы беделді, абыройлы адамдар және олардың іс-әрекеттері мен өмір салты сізге қатты әсер етесіз. Тұрмыс жағдайы өзгеруі мүмкін. Кейбір жүйелерді жөндеу, қалпына келтіру, техникалық жабдықталу жақсарады. Қызықтырған адамға бір табан жақындасыз. Құпия кездесулер, жасырын хат-хабарлар және бірлескен демалыс күтілуде. Қаржы мәселесі... оны үнемдеуге, ақылмен жұмсауға тура келеді..  

Егіздер өзіне жайлы үйі немесе белгілі бір жерге ынтығы артады. Балалармен байланыс күшейеді. Балалық шағын есіне түсіретін, армандаған жеріне сапар шегуі мүмкін. Бұл айда үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Оның көбі қызметтегі идеяларға қатысты болмақ. Бұл ай, жалпы, бір нәрсені бастауға ыңғайлы, бастама көтеруге қолайлы. Қазір қолжетімді емес, бірақ болашақта жолыңызды ашатын жұмысты қолға аласыз. Көпшілік алдында сөйлейтін, үлкен аудиторияда боласыз. Ірі іс-шараға қатысасыз. Бұл айда Егіздердің тағдрында бірқатар өзгерістер к.тіліп тұр. Ерекше одақ құрылуы мүмкін. Кейбіреуігің жеке өмірінде үлкен өзгеріс болады. Бұл аптада бұрынғы құпия ашылады, ал өткен өмір қызықсыз болып қалады. Егіздердің қаржы мәселесі тек өзінің ғана қолында тұр. Яғни, ақша жасау өзіңіздің ынтаңызға байланысты.  

Шаяндар тұрмыстағы ұсақ-түйектер, соны ұйымдастыру сияқты күйбің тіршілікке енеді. Көбісіне жөндеу жұмыстары өзекті болмақ. Өзара ынтымақтастық негізінде келіссөздер болуы мүмкін. Бұл аптада өмір салтында қайта жаңғыру қолға алынады. Сіз өзіңіздің қабілеттілігіңізді, щығармашылық шеберлігіңізді дәлелдеуге күш саласыз. Тіпті ұсақ-түйек дүниеде де өзіңізді көрсетіп қалуға ұмтыласыз. Есесіне айналаңыздағы адамдардың сізге деген сенімі артады. Сөйтіп мүдделі адамдардың назарын өзіңізге аударасыз. Мақтау, мадақтауды аямайсыз. Шығындар күтілуде. Өзіңізді өзгертіп, соның арқасында айналаңызды да өзгерте аласыз. Көптеген Шаяндардың сыртқы келбеті өзгереді.  Жеке тұлғаңыз ерекшеленеді.  Өзгеге ұқсамайсыз. Материалдық жағдай күрделірек. Бірақ тап осы айда жылжымайтын мүлікке қатысты бір келісім-шарт жасауыңыз мүмкін. Осыған қатыст бірқатар сапар орын алуы мүмкін. Ал жеке өмірде досыңыздың қылығы сізге қатты әсер етеді.    

Арыстандар өзгелердің кеңестерін және басқа адамдардың пікіріне құлақ түреді. Дұрыс қорытынды жасай аласыз, бірақ кез келген жағдайда тәуелсіз боласыз. Бұл күрделі, жиі шатыстырылған қарым-қатынастар мен адамдармен өзара әрекеттесу кезеңі, кейбіреумен қатынасыңызды үзесіз.  Көп жағдайларда  ұзақ мерзімді міндеттемелер мен кәсіби жұмысқа ие боласыз. Бейтаныс серіктестермен ынтымақтастық туралы жаңа ұсыныс түсуі мүмкін Кейбір досыңыз кәсіби көмекке мұқтаж болады.Сенімді досыңызбен сапарға шығуыңыз мүмкін. Маусым айында сіз бейтаныс ортада, жаңа жерлерде көп боласыз, алғаш рет көріп отырған адамдармен кездесесіз. Жақын туыстармен қарым-қатынаста ызғар байқалады. Өзара реніш сізге шынайы туыстықты сезінуге мұрша бермейді. Бір адам әрдайым өзімшіл және өтірік айтып сізді күйдіреді. Көшкіңіз келеді, бұл мәселені жақын ңызбен талқылайсыз. Қозғалыс көбейеді. Белсенділік артады. Жөндеу жұмыстары болуы мүмкін. Алыстан жеткен хабар сізді таңқалдырып, қуантады.

Бикештер жақындарына тиісіп, мазасын алады. Адами қасиеті тепе-теңдігін сақтай алмай, ішкі толғанысқа түседі. Өз пікірін білдіруге жанталасады. Айналасындағыларға баға беру үшін небір сөздерді аямай айтады.  Әсіресе сізге қарсы келетін достарыңыз бен туыстарыңыз өз «сыбағасын» алады. Маусым айында көп күш-қайрат салуға тура келеді. Көптеген жұмыс күтіледі. Әріптестеріңізден біреуге көмектесуіңіз керек немесе басқа адамдардың міндеттерін орындайсыз. Дегенмен бұл ай айтарлықтай материалдық өсуге арналған. Күтпеген жерден ақша алу мүмкіндігі бар. Жағдайдың күнделікті сипатына қарамастан, мерекелік шараларға қатысасыз. Өткен уақытты еске түсіретін ескі заттарды қопарасыз. Ол қажетті ақпаратты іздеуді және мүліктік мәселелерге қатысты құжаттарды орындауды еске салады.

Таразылар көп жағдайда өткен оқиғаларға жіті назар аударатын болады. Көрген қуаншты жарқын дүниелеріңіз күнделікті күйбік тірліктен ерекше, оқшау болады. Әріптестер мен іскер серіктестердің әрекетін жеке позицияңызды білдіруге, өз мүддеңіздің қатарын белгілеуге мүмкіндік деп қабылдайсыз. Сіздің болжап болмайтын қасиетіңіз кейбір адамды үркітіп, тіпті шошытуы мүмкін. Мақсаттарыңыз бен міндеттеріңіз көптеген адамдар үшін тартымды болады, бірақ оған қол жеткізу бәрінің қолынан келе бермейді. Сізді сыртыңыздан қараған адам өзіңіздің шынайы жағдайыңыз туралы жалған әсерде болады. Адамдар сіздің мүмкіндігіңіз бен құзыретіңіз туралы қате баға береді. Маусым қаржы жағынан өзгеруі мүмкін. Қомақты сома табасыз. Көбінесе құжаттарға қатысты өткен оқиғаларға қайтып оралуға тура келеді. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Ескі махаббатыңызды кездестріп, көңіліңіз жылиды. Досыңыздан сыйлық аласыз.  

Сарышаяндар жаңа жоспар құрып, күнделікті тіршілігін шығармашылық белсендікпен өткізбек. Бұрын ынтымақтастыққа болған достарыңыз сіздің назарыңызға ілігеді. Мүмкін, кейбір кәсіби қарым-қатынастан пайда әкелу мақсатында қайта жандануы мүмкін. Сіздің рөліңіз көбінесе ұйымдық мәселелермен шектеледі. Көбісі жаңа идеялар мен жоспарларға байланысты сапарға шығады. Осы айдағы сатып алған затыңыз сізді қатты қуантады. Көңіл көтеретін бірқатар шараларға қатысасыз. Бұл бұзылған байланысты қалпына келтіруге арналған ай. Табысу айы.Кейбірі балалы болуға жол ашады. Жасы ересек сарышаяндар материалдық мәмілелер мен қаржы келісімдерін жасауда сәттілікке ие болады. Жұлдызыңыз жанайын деп тұр. Сезім жағы белсенді. Бәлкім, ғашық боласыз. 

Мергендер жаңа жоспарлар мен идеяларға толы. Жұмыста бастығыңыз беннемесе әріптестеріңізбен қарым-қатынасты өзгертуге ұмтыласыз. Ең прогрессивті идеяларға қызығасыз, яғни прогрессивті дүние тартымды болады. Жұмыс тәртібінде өзгерістер күтілуде. Интерьерде өзгеріс болуы ықтимал. Әсіресе сіз көп уақыт жұмсайтын жерде. Көбісі денесіне күш түсіретін еңбекпен айналысады, көпшілік ортада мінез-құлқын өзгертуге тырысады. Өзіңізді ұстай алмай, сезімге берілуіңіз мүмкін. Ашық түрде де, жасырып та қатты толқып, эмоцияға берілесіз. Бір адаммен танысып, ол адам сізбен жақын араласатын ортаға кіреді. Туыстарыңызбен бір дастарханда отырып, емір-еркін, ашық дастарханда әңгіме-дүкен құрасыз. 

Тауешкілер өткеннің бәрін ұмытып, жарқын болашаққа қарыштап қадам басады. Қазір мәнін жоғалтқан, бірақ мазаңызды алатын қарым-қатынасты үзуге бел буасыз. Өмір салтын, өзіңізді өзгертіп, көзге түсуге тырысасыз. Таныстарыңыз бен достарыңыз бұл өзгерісті байқап, оған жақсы баға береді. Өзіңізді және сіздің санаңызды жаңа нәрсеге арнап босату үшін ескіден бас тарту жолында жетекшілік ететін ерекше мәнді көргіңіз келеді. Көпшілік үшін бұл кәсіп, жұмыс және шығармашылық қызметпен байланысты болады. Маңызды жаңарту болуы мүмкін. Кәсіптің өзгеруіне дейін. Басқа адамдар үшін бұл шетелге көшу болуы да мүмкін. Үйде тұрып жатқан адам санында өзгерістер орын алады.  Өміріңіз калейдоскопқа ұқсайды, онда оқиғалар тез өзгеріп, суретін ауыстырып, бейтаныс өмір жолында жаңа кезең белгілейді. Махаббат бұл айда бірінші орында емес.

Суқұйғыштар өткен өмірінің ең жақсы күндерінің естеліктеріне ерік береді. Бұл жаңа өмірлік кезеңде керемет шабыт сыйлап, ынталандырады. Жеке бастамаңыз бен  жоспарларыңыздың арқасында көп нәрсе өзгереді. Адамдармен қарым-қатынасыңыз сенімге негізделеді. Алайда маусым айы некесін қиятын жастар мен заң саласыңда кәсіби келісімшарттар үшін біраз қиындықтар туғызады. Жоспарыңызды тағы бір рет қарап шығуға тура келеді. Кейбір маңызды істеріңізді кейінге қалдыруыңыз мүмкін. Суқұйғыштардың бірқатарын жөндеу жұмыстары, техника (мүмкін, автомобиль) сатып алу күтіп тұр. Сіз үшін мүлік мәселесі өзекті болмақ. Ниеттес адамдарыңызбен жолға шығуыңыз ықтимал. 

Балықтар адамдардың сөзіне ғана сене қоймайды. Жоспарыңызда бірқатар өзгерістер орын алады. Өзіңіздің асығыстық және сабырлығыңызға қапа болмаңыз. Өміріңіздің кәсіби жағы өзгере қоймас. Егер тұрақтылық қажет болса, ол сізде бар. Ал егер  қазіргі жағдайыңызға қанағаттанбасаңыз, сізді қызықтырған жұмыс жөніндегі ұсынысты қабылдасаңыз болады. Сүйіктіңізбен бірге өткізген уақыт сізге өте қолайлы болуы мүмкін. Сіз бауыр басуға, сезімге ерік бересіз. Қарым-қатынасыңызды бірінші орынға қоясыз. Алайда сіз қызыққан дүниелерге басқалары қызығушылық танытпайды. Бұл арадағы кикілжіңдерді тудырады. Барлық сапар сәтті болмақ.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

Шілдехана: нәрестенің мойны, әйелдің белі тез бекісін десеңіз... 

ҰБТ: Психологиялық дайындық. Ата-анаға кеңес 

Жарыс қазан қай кезде асылады? 

Үй салудың ең оңай үлгісі 

ҰБТ: Маңызды 5 ақпарат 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде