{metadescription}
Қызбен танысу. Қыз ұзату мен оның кәделері - I бөлім

Қызбен танысу. Қыз ұзату мен оның кәделері - I бөлім

Қазақта қызды малға сатады деген сыңар жақты ұғым бар. Ол бұрындары теңіне бара алмаған жағдайда ғана. Ал төленетін қалың мал орта есеппен қырық қара, төрт жыртыс болғанымен қыз жақ бұдан пайда таппайды. Қызға отау көтеріп береді. Төсек-орын, ыдыс-аяқ, жасау, сауын сиыр, қонағасылық ұсақ мінер ат береді. Бұларды есептеп көр!

Бір жылдан кейін берілетін енші, қырық серкеш – шұбар тай бұған қосылса, зиянды қыз жақ тартпай, кім тартады. Қазір де осылай. Қыздың танысуы – осы шығындардың бір жағын бүтіндеу, - дейді танымал қаламгер, жазушы Ахмет Жүнісов.

Қыз қасына бір жеңгесін және бір туысын ертіп жан-жақтағы туыстарын, жекжаттарын кемінде бір ай аралайды, қоштасады. Барған үйлері оның дайындалып жатқан төсек-орнына көмек береді: кілем, сырмақ, кереге, үзік, туырлық, түндік киім, ыдыс береді. Ел-жұртына, туысына, жекжатына барған қыз артынып-тартынып қайтады.

Бұл жолы танысқан қызды қазақ салты бойынша ерекше құрметтейді. Барған үйлері ойын-думан өткізіп бастарын қосады.

Төсек-орынды дайындауға ауыл-аймақ ат салысып, ісмер әйелдер, зергерлер, үйшілер, тұрманшылар көмектеседі.

Бәрі дайын болған соң ұрындап күйеу келеді. Есік көргендегідей емес, бұл жолы күйеу қалыңдығымен бірге болуына рұқсат. Онда да әлі жеңгенің нұсқасымен. Өйткені ол бар құпияның басы-қасында болуға міндетті, жауапты.

Ұрындап келген күйеу жеке үйге орналастырылады. Да, жанында кілең жастар, көбінесе балдыздары болады. Ән-күй, әзіл-сықақ дүрілдейді. Ұрын тойында қыздың барлық жасауы ілулі, жиюлы тұрады. Жақындардың көмегі туралы әйелдерге әңгімелейді.

Осы ұрындап келудің мақсаты – келінді алып қайту. Сондықтан мұнда бірге болудың заңдарының небір кәделері бар.  

  Қыз ұзату

Қызды алып қайту үшін жеті не одан да көп адам келеді. Саны тақ болуы керек. Құда-құдағилар алдымен келеді де (ұлдың әке-шешесі бұл жолы келмейді. Олар кейін аққұла шақырылады. Өйткені оларға салауат, сабырлылық керек) күйеу мен күйеу жолдасты заңды уақытта жеңгесі ертіп келеді. Екеуі жаяу келеді.

Қыз ұзатудың кәделері:

Көпшік қыстырар

Күйеуді алып келу үшін барған жеңгесі күйеудің атына балдыздардың бірін мінгізерде ат көрпенің астынан көпшік қыстырарын алады. Бұл кемінде көйлектік матадан кем болмауы керек.

Шашу

Күйеу бала келісімен ауылдағы ең аяулы бәйбішелер артынан ілгерінді-кейінді шашу шашады. Шашу шашу қазақта жалғыз тойда ғана емес, игіліктің бәрінде істеледі.

Киім ілу

Құда-құдағилар келісімен алдын ала дайындалған адамдар (көбінесе әйелдер) оларды бір-бірден иемденіп, киімдерін шешіндіреді, іледі, күтеді, кетерде киіндіреді. Күтіліп жүргендер киінерде оларға зат не ақша береді.

Табалдырық кәдесі

Құда-құдағилардың бірі құданың үйіне кірерде бір әйел оларды бірден жібермей тосады. Мұны қазақ «табалдырық аттар» дейді. Құда-құдағилар ырымын берген соң әлгі әйел оларға есік ашады.

Сыбаға асу

Құдалар келіп орналасқан соң «Есіңе алсаң ескіден сақта» деп сүр еттен сыбаға асады. Бұған тойға сойылған малдың еті қосылады.

Мұнда құдалардың сыбағасы жамбас міндетті түрде болады. Қазақта бас, жамбас, кәрі жілік, ұлтабар, асықты жілік, төс дегендердің арнаулы иелері болады. Бұны ауыстырса, не бірінің етін біріне кетірсе, дұрыс мүшелей алмаса айып төлейді.

Малға бата жасау

Сыбаға желініп, шай ішілген соң құдаларға арнайы мал әкелініп бата жасатады. Мұны кейбіреулер ерте, кейбіреулер жатарда сояды. Өйткені құдалар таңды атқызып қайтуға тиісті. Оған дейін шай ішулері керек. Қарындарын сиғанша тамақ жеуі шарт. «Құда болсаң шыда!» деп күтушілер де көнбейді. Малға бата жасаған адам алдыға табақ келген соң бас пен жамбасты міндетті түрде өзі турайды, балаларға құлақ үлестіреді.

Ет желініп болған соң және бата жасап, табаққа ырым салады. Мұны табақ тасыған әйелдер бөліп алады.

Құйрық-бауыр

Құдаларға соылған малдың етін берместен бұрын құйрық-бауыр асатылады. Үстіне айран құйылған құйрық-бауырды уыс-уыс қып асатып, аузына симағанын бет-аузына жаға салады. сСодан соң келгендердің бірі ырым салады. Мұны табақшылар бөліп алады. Қысқасы, келін алуға келгендердің бәрі құр қол келмеуі керек.

Қыз ұзатудың тағы басқа кәделерін келесі материалдан оқыңыз.

Оқи отырыңыз: Тұсаукесер: Баланың аяғына не себепті ала жіп байланады? 

Бесікті аластау. Иткөйлек 

Шілдехана: нәрестенің мойны, әйелдің белі тез бекісін десеңіз... 

Жарыс қазан қай кезде асылады? 

Қазақ жеміс-жидек жеген бе? 

Киелі киім – қай киім?

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде