{metadescription}
Баласы мен үй жануары бар адамға пәтер жалдау неге қиын

Баласы мен үй жануары бар адамға пәтер жалдау неге қиын

«Үйде жануарын асырамайтын», «кішкентай балалары жоқ» деген хабарландыруларды жиі көреміз, солай ма? Үйін жалға беретін қожайындар кейде ит-мысықты, кішкентай баланы «қас дұшпаны» көреді. Құтты бір мысық пен бала оның үйінің күл-талқанын шығаратындай. Ал енді үй жануарын асырайтын, қолында баласы бар баспанасыз адамдар сонда қайда баруы керек, тентіреп кете ме? Осы мәселе тұрғысында Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында жасалған тәжірибенің немен аяқталғанын қараңыздар.

Light level: балалар

Қолында кішкентай баласы бар жас отбасы жалға пәтерді жылдам тауып алды. «Баласы бар отбасы пәтерақысын дер кезінде төлеп, өзін тәртіпті ұстайды» деп айтты пәтер иесі.

– Қанша бала, жасы  нешеде?
– Екеу, 8, 3 жаста.
– Енді, ересегі кішкенесіне қарап отыратын шығар, қатты шуылдамайтын болар. Қарсы емеспін.

–  Балалармен? Тамаша, біз тура осындай, баласы бар, тәртіпті отбасы іздегенбіз.

– Жақсы, үйдің алдында балалар ойнайтын алаңқай бар, ыңғайлы аудан, тыныш.

Қарсы болғандар да болды. бірақ – аз. Қожайындардың қорқатыны – түсқағазды шимайлап тастайды!

– Күйеуіммен ақылдасайын. Балалар қабырғаны бұлғап тастайды деп қорқады. Дегенмен ол қарсы болмас деп ойлаймын

– Жоқ. Үш жастағы бала – нағыз мазасыз кез… Артынан тағы тазалап, жөндеу керек болады. Ол сізге де, бізге де қажет емес.  

Ал ерлі-зайыптыларға қарағанда, баласы мектепке бармаған  жалғызбасты анаға қиынырақ. Қожайындарға бала күтушісі бар екенін, баласының балабақшаға баратынын дәлелдеу қажетттігі туады. Дегенмен құптайтындары жоқ емес. Қалай дегенмен балалы әйелге көбірек сенім артады.

Medium level: жануарлар

Жас отбасыға пәтер іздегенде жиі айтылатын:

– Баланы қойшы, ең бастысы, үй жануары болмасын!

Жалпы, жалға үй беру хабарландыруларының 5 пайызы «үй жануары болмасын немесе кішкентай баласы болмасын» деп шарт қояды. Ондай қожайындарға еш бүкпесіз шынын айтқанына рақмет айтасың. Көбісі хабарландыруда талап-тілегін жазбайды. Сосын қоңырау соққанда:

– Мысықпен алмаймыз. Ол бәрін құртады. Үйдің ішін сасытады. Піштірілген болса да, бәрібір бұлғайды. Өзімнің мысығым бар, білген соң айтам!  
– Мысықтарыңыз бар ма? Бәлкім, шартымызды қайта қарасақ қайтеді? Басқаша келісейік.
– Өзімде де мсық бар, бірақ ол жануарды жақсы көрем дегендік емес.

– Егер мысықтан құтылсаңыздар, онда келісейік.
– Енді, оны лақтырып тастамайсыз ғой…
– Білмеймін, әйтеу көзін құтыңдар, не болса да. Біреу-міреуге беріңіздер немесе туыстарыңызға.

– Лақтырмасаңыздар да, бірақ мен үйімде жануар ұстағанын ұнатпаймын.

– Ой, мысығым бар деп хабарласып тұрған сіз бүгін үшінші адамсыз. Білмеймін… Жоқ, керек емес. Әйелім қарсы. Екі жыл бұрын жөндеу жасағанбыз. Пәтеріміз мұнтаздай емес, сонда да... мысық одан әрі бүлдіреді.

 – Мысықпен? Өкінішке қарай, жоқ, қарсымын. Еркек мысық кіргізіп, ақыры иісін әрең кетіргенбіз. Ойбуй, сіздерге пәтер табу енді қиын болады, әрине. (күледі).

– Жо-жоқ. ренжімеңіз. Жоға, тіпті қинамаңыз. Көңіліңізге келмесін. Рақмет. Осылай бір рет жаным ашып мысықпен кіргіздіріп, артынан қатты өкінгенім бар, рақмет.

Ең басты үрей – үйді бүлдіру. Егер қожайын үй жануарын қабылдағысы келмесе, оны үгіттеудің қажеті жоқ.

Пәтер жалдағандардың көбісі үй иесінен ит-мысық асырайтынын жасырады. Кейде риелторлардың өзі осындай кеңес береді. Алдымен сеніміне кіреді, өзін жақсы адам етіп көрсетеді, кейін үй жануарын асырап алғанын айтқызады. Бірақ бірден шындықты айтқан дұрыс. Иә, біраз қиналасың, есесіне, жаның тыныш жүреді.  

Дегенмен мейірімді қожайындар да жоқ емес:

– Не? Мысық? Жарайды, менің де мысығым бар.

– Түсқағазды жыртпаса болғаны. Екпе жасалған ба?
– Иә, бәрі бар: екпесі, төлқұжаты, тырнағышы. Өз дәреталғышына барады.
– Бопты, көрерміз. Тек депозит қалдырыңдар, сонда келісем.

– Мысықтарыңа жақсы қарайсыңдар ма? Жарайды, онда проблема жоқ.

– Күні бойы жұмыста болсаңдар, мысық немен айналысады?
– Уайымдамаңыз, ол тыныш ұйықтай береді, ештеме бүлдірмейді...
– Бүлдіреді деп тұрғам жоқ, жалғыз қалдырған обал ғой.

Мысығы бардың мәселесін шештік. Ал ит ұстайтындар ше? Ол тұқымына байланысты. Ұсағына қарсы емес, ал ірі ит болса:

– Итпен? Қандай ит?
– Лабрадор.
– Ой, жоқ.
– Неге?
– Өте қауіпті. Аулада кішкентай балалар көп.

–  Иттерді жақсы көремін. Бірақ пәтерімді бірінші рет жалға бергелі тұрмын, сондықтан қорқам.

Hard level: балар + жануарлар

Балаға қарсы емес, мысық пен итке азар да безер. Ал баласы да, ит-мысығы да, бірге болса ше?

– Айналайын, балаңның жөні бір бөлек, жарайды, бірақ мысық! Жоқ! Мысығы барларды кірігізіп, көрмегенді көргенбіз. Ендігәрі телефон соқпаңыз! Өтінем!

– Балаңызға келістік! Оны қойшы. Ал ит деген... сұмдық қой. Қай тұқым?
– Лабрадор.
– Жоқ, керегі жоқ дардай ит. Бірдеме болып қалса ше?

Бірнеше қоңыраудан соң жолымыз болды:
– Балаға қарсы емеспін, өздеріңіз ие болыңыздар. Қанша дегенмен алтыншы қабат. Жеделсаты істемейді.

- Мысықпен… Жарайды, үй жануарын кіргізіп көрмеп едім, көрейін енді, қиын болмайтын шығар. Неше түрлі адамдар бар ғой. Егер дұрыс қарасаңыздар, онда проблема жоқ. Ең бастысы, дер кезінде төлеп тұрсаңдар болғаны.

Қорытынды

Үй иесінің не айтатынын алдын ала болжау қиын. Ол не деп айтады, қалай қабылдайды, біліп болмайсың. Сондықтан барынша сыпайы сөйлесіп, өзіңізді жақсы қырынан көрсетуге, жақсы әсер қалдыруға тырысыңыз. Шыдамдылық қажет-ақ. Ауыр сөзді көңілге алмаңыз.

Бір қызығы, өзінің бала-шағасы бар, үй жануары бар қожайындар көбінесе үзілді-кесілді қарсы болады. Ал керісінше, баласыз адамдар мен мысыққа аллергиясы барлар жағдайыңызды түсініп, келісе салады.

Көптеген хабарламаға қоңырау соғып тәжібе жасап көрген соң, қандай да бір заңдылықты  топшылай алмадық. Үйіне мұнтаздай жөндеу жасаған, жақсы аудандағы пәтер иесі баласы мен үй жануары бар адамдарға бір сөз қарсы келмей келіседі. Ал шет аудандағы жұпыны пәтер иесі үзілді-кесілді қарсы. Ұғып көр!

Адами қарым-қатынас, жағымды әсер қалдыра білу – маңызды. Ең бастысы, қожайынның сенімі.

Мынадай кеңес берсек:

  • Кішкентай балаңыз бар екенін және үй жануарын асырайтыныңыз туралы ешқашан жасырмаңыз. Оны бірден ескертіп айтқан жөн. Оны айтпай жатып, басқа шартты сұрау –  уақыт жоғалту.  
  • Қожайынға үй жануарының фотосын көрсетіңіз. Ең сүйкімді фотосын таңдап алыңыз.
  1. Жалға алу шартын жасаңыз. Оған балаларыңыз бен үй жануарын кіргізуді ұмытпаңыз. Міндетті түрде нотариуспен бекітіңіз.  
  2. Бір жағдай болып қалса, өтемақысын төлеуден бас тартпаңыз. Оның шарттарын қожайынмен алдын ала келісіп алыңыз. Ол сақтандыру депозитіне де кіруі керек.
  3. Пәтерге кіргенде үйдің ішін мұқият қараңыз. Сынған, бүлінген жерлерін видеоға, фотоға түсіріп алып актіге енгізіңіз. Барлық дүниемүліктің қандай күйде екенін тізіп жазыңыз.

Жолыңыз болсын!

                      Мәлімет Krisha.kz сайтынан алынды.

Оқи отырыңыз: Жалға алған үйге кірмес бұрын не істеу керек  

Пәтер жалдау: Ерекше ескеретін нәрселер 

Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе? 

Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері 

Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз? 

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде