{metadescription}
Құтырық ауруы туралы қате түсініктер

Құтырық ауруы туралы қате түсініктер

«Бәленбайдың иті құтырған, қауып алса, құтырық ауруына шалдығасың. Оны атып тастау керек». «Орманда бір аңның жәй ғана тісі батып кетті, ештеме етпес». «Ойбай, ит қауып алды, енді бір ай бойы укол аласың». Таныс сөздер ме? Құтырық ауруы туралы не білесіз? Білгеніңіз шындыққа жанаса ма? Ендеше құтырық ауруы туралы сауатымызды ашып, ненің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізейік.  

Жыл сайын әлемнің 100-ден аса елінде мыңнан астам адам құтырық ауруынан көз жұмады.

№ 1 қателік. «Құтырған» жануарлар ғана қауіпті

Бұрыс түсінік. Кез келген жануар, тіпті үй жануары да қауіпті.Сондықтан, егер сізді жәндік шағып алса, жануар тырнап немесе тістеп алса, міндетті түрде дәрігерге барыңыз.

Мәселе мынада, жануардың ауру екенін оның сырты сипатына қарап аңғару қиын, өйткені құтыру қоздырғышы  ауру белгілері пайда бола бастағаннан 10 күн бұрын жануардың сілекейінде жүреді. 

Санитар дәрігерлер аң «тып-тыныш», «сүп-сүйкімді» болғанымен, оның  жұқпалы болуы әбден мүмкін дейді.

Есте болсын, құтыру – жазылмайтын ауру, одан жыл сайын әлемде 50 мыңнан астам адам өледі және құтырудан тек уақтылы егу ғана құтқара алады.

№ 2 қателік. Қауып алған жануардың дереу көзін құрту керек

Жоқ. Қауып, тістеп алған жануарды өлтірме, он тірі қалдыру керек. Өйткені оның құтыру ауруымен ауыратындығын анықтау қажет болады.

Егер сізді иесінің қасында жүрген ит тістеп алса, сіз оның телефонын сұрап алыңыз. Ресми карантин кезде аңның іс-әрекетін 10 күн бақылайды. Егер жануар сау болса, инъекция курсын тоқтатуға болады.

Егер ит қауып алса, оның қожайынының телефон нөмірін сұрап алыңыз.Жануардың әрекетін бақылау ресми карантин негізі 10 күн. Егер жануар сау болса, екпе алу тоқтатылады. Егер өзіңіз білетін ит қапса, оны алдымен қамап тастап, дереу жақын жердегі құтыруға қарсы пунктке хабарласыңыз. Ол алғашқы медициналық көмек көрсетеді, қажетті инъекциялар жасайды және жануармен не істеу керектігін шешетін ветеринарларға хабарласады.

Егер жабайы аң шабуыл жасаған жағдайда оны өлтірген дұрыс. Өлікті ветеринарларғатексеруге  апару керек.  

Есіңізде болсын, егер құтыру табылмаса, ол мүлдем жоқ деген сөз емес. Құтырудың қоздырғышы аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болады.

№ 3 қателік. Вакцинациялу – ішке жасалатын 40 екпе.

Өтірік. Қазір вакцинациялау заардап шеккен адамға еш қиындық әкелмейді. Бар болғаны иыққа жасалатын 5–6 екпе.

Егер сізді жануар тістеп алса, жараға дереу алғашқы ем-дом жасаңыз. Содан кейін медициналық көмекке жүгінесіз. Дәрігерлер құтыруға қарсы вакцина салады. Бірінші инъекция шаққан (қапқан, тістеген) күні, содан кейін 3, 7, 14, 30 және 90-ыншы күнде. Ең қауіпті жағдайда тап сол күні бір реттік құтыруға қарсы иммуноглобулин енгізіледі.

Вакцинациядан кейін жарты жол бойы шамадан тыс жұмыс істемейсіз, ішімдік ішпейсіз, бассейнде шомылмайсыз, спортзалға бармайсыз, жалпы, спортпен шұғылданбауыңыз керек.

№ 4 қателік. Құтыру ауруын емдеуге болады

Бір жағынан – вакцинацияның толық курсынан өткенде ғана құтыру ауруынан сақталып қалуға болады. Сонда ғана ауруды 100 пайызға емдеуге болады.

Ал екінші жағынан, вакцинация жасалмаса, құтыру ауруынан 100 % өледі. Инкубациялық кезең 10-нан 90 күнге дейін созылады.  Бір жыл – өте сирек.

Құтырудың белгілері

Егер адам құтыру ауруына шалдықса, онда аң тістеп алған жерде тігіс ісіп, қышып, ауырады. Содан кейін дене қызуы көтеріліп, тәбеті жоғалып, адам өзін нашар сезінеді.  Ауру адам өте агрессияшыл, құтырып, еліріп, көз алдына небір елес келіп, сандырақтап, бір нәрседен қорқып, кейде судан, биіктіктен зәресі ұшады. Ал «сал кезеңі» басталғанда – адам өледі.

Сонымен, жан-жануар, хайуан, аң қауып алса не істейміз?

Жараны сумен шайыңыз, содан кейін кір сабынының ерітіндісімен шайыңыз. Йод, зеленка жағуға болады. Бинтпен таңып немесе антисептикалық дәкімен байлаңыз. Сосын жедел жәрдем бөліміне жүгіріңіз! Құтыру ауруына қарсы вакцинация жасау туралы шешімді дәрігер қабылдауы керек.

Оқи отырыңыз: Өзіңді тексер: Альцгеймер ауруына тестілеу 

Тест: Қатты күйзелісте жүрсіз бе?

Тест: Сізді не мазалап жүр? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.