{metadescription}
Отау көтеру: Жас түскен келінді қандай сынақ күтіп тұр?

Отау көтеру: Жас түскен келінді қандай сынақ күтіп тұр?

Отқа шақыру деген не? Жаңа түскен келінді қазақ қалай сынаған? Келінді неге қонаққа шақырған? Келін қонаққа не апаруы тиіс? Өңір салу деген не? Оның қандай тәрбиелік мәні бар?

ОТҚА ШАҚЫРУ

Келін түсіріп, той-томалақ аяқталған соң жас келінді маңайдағы үлкен үйлер отқа шақырады. Жас келін барған үйіне құр қол бармайды. Әкелген жасауынан бір зат апару шарт. Отқа шақырудың мәнісі: «Бүгіннен бастап келіп жүр. Бұл да бір үйің. Мұндағы бала-шағалар жақын екенін біліп жүрсін, араласып жүрсін» дегені.

Келін бұл үйлерге барғанда өзінің өн бойындағы барлық әдептілігін, көрегенділігін көрсетуге трысады. Отқа шақыру аяқталған соң ел ішінде келінге баға беру басталады. Жастар жағы оның ажар-көркін көбірек сөз етеді де, кәрілер пысықтығын, қағылездігін, келешекте қандай әйел болатынын мөлшерлейді.

Танымал қаламгер, жазушы Ахмет Жүнісовтың айтуынша:

«Бағы бар жігіт болды. Келіншегінің ай десе аузы, күн десе көзі бар екен! Нағыз бота тірсек, ителгі иек, өрт көздің өзі! Шіркіннің көзі тым жайнап тұр. Мұндай бақыт құсы албаты маңдайға қона бермейді. Небір сұлу дегенді де көріп жүрміз!» дегенді естігендер көру үшін арнайы келеді. Егер көріксіз болса,  «Е, жерде қалмайтын тесік моншақтың бірі екен» деп қана айтады.   

Ал кәрілердің сөзі көбінесе «қатын алма, қайын ал», «шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» дегеннің төңірегінде болады. Ұнатса: «Тұяғынан от жанып тұр, Алтын асықтай бала» деп мақтайды.

Былай айтқанда, «отқа шақыру – келіннің сынақтан өтетін кезі.

ӨҢІР САЛУ

Отқа шақырумен бірге болып жататын тағы бір кәде – өңір салу. Бұған ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу шашылып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір – киім, бұйым, ең аз болғанда термебау. Бұлары жоқтар жас төсекті басқа біреу басынбасын деп бүркіт тұяғы секілді киелі нәрсе әкеліп шымылдыққа тағады. Бұлардың бәрі де отау үйге қажетті өңін ашатын нәрселер.

Келін түскен үй келген қонақтарды күтеді. Ал қонақтар келіннің қоржынындағы астан ауыз тиеді. Астың үстіне салынған кездемеден алады. Бұл арада өңірі мата немесе зат жөнінде емес, Өңір – кәдімгі өңір, ауыл-аймақ деген кең ұғымда.

 «Келін бүкіл өңірге абыройлы болсын, бұған бәріміз тілеулеспіз. Әкелгеніміз – болашақтағы осы жақсылыққа алдын ала шашқан шашуымыз» деген үлкен мән бар.

 

Оқи отырыңыз: Келін түсіру. Беташар 

Неке суы. Неке түні 

 Қызбен танысу.

Қыз ұзату мен оның кәделері - I бөлім 

Қыз ұзату мен оның кәделері – II бөлім 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.