{metadescription}
Мереке күндері үй жалдау. Қай жерде, бағасы қанша

Мереке күндері үй жалдау. Қай жерде, бағасы қанша

Қысқы демалысты бір топ болып өткізуге бел будыңыз делік. Пәтер, үй немесе коттеджді жалға алғыңыз келеді. Жаңа жылға жалдаған үйдің бағасы қанша болуы керек және нені ескеру қажет. Аса көңіл бөлетін өзгешеліктер. Мереке күндері демалуға жалға берілетін жылжымайтын мүлік тізімін ұсынамыз.  Нұр-Сұлтан мен Алматыда қай жерде, қандай баспананы, қанша теңгеге жалға алуға болады?  

Пәтерлер

Алматыда Жаңа жылға бір тәулікке жалға алу:

- бір бөлмелі пәтер (екі-үш адамнан артық болмауы тиіс) қаланың төменгі шағын аудандарында бастапқы бағасы 15 мың теңге; жоғары аудардарында және орталықта бастапқы бағасы 25 мың теңгеден;

- екі бөлмелі (төрт адамнан аспайтын) тиісінше 25 мыңнан және 40 мың теңгеден;

- үш бөлмелі (алты адамнан аспайтын) 40 мыңнан және 75 мың теңгеден.

Нұр Сұлтанда:

- оң жағалау мен шетінде бір бөлмеге 15 мың теңгеден; сол жағалауда және орталықта 20 мың теңгеден бастап;

- екі бөлмелі пәтерге сәйкесінше 25 мыңнан 35 мыңға дейін;

- үш бөлмелі пәтерге 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін.

Алматының коттедждері мен үйлері

150-200 мың теңге

Белгіленген сомаға үш қабатты коттеджді орташа ауданы 150-300 шаршы метрге жалға ала алуға болады, ол Әуезов, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарында. Бұл сомаға Алатау ауданында үйдің аумағы едәуір үлкен, яғни 500 шаршы метрге дейін болмақ. Сонымен қатар, Әуезов ауданында 2 000 шаршы метрді құрайтын үйлер бар. Бірақ бұл көп емес. Әр үй 3-6 бөлмеге дейін, 5-10 адам сыяды. Аталмыш бағаға монша, сауна, бассейн, автотұрақ кіреді. Кейбіреулері мангал мен қазан және музыкалық жабдық пен түрлі ойын ұсынады.

Мереке күндері күніне 150 мың теңгеден арзан коттедж табу екіталай. Ондай ұсыныс таба алмадық.

200-350 мың теңге

Бұл сомаға ауданы 500-700 шаршы метр 3-4 қабатты 6-8 бөлмелі коттедж ұсынылады. 10-15 адам орналастыруға рұқсат.

Аталмыш бағаға ұсынылатын үйлердің көбісі Әуезов, Бостандық аудандарында орналасқан.

Пәтер иелері ойын-сауық пен демалудың түрлі мүмкіндігін ұсынады: сауналар, джакузи, барбекю алаңы, бильярд, камин, караоке және т.б. Кейбір жарнамаларда спа мен массаж ұсынылады.

350-500 мың теңге

Мұндай ақшаға ауданы 350-500 шаршы метр болатын үйді жалдауға болады. Бірақ мұнда бастысы – орналасқан жері. Ол негізінен Медеу ауданында, тау шаңғы курорттары, санаторий, табиғи парктердің жанында орналасқан. Бостандық ауданында да ұсыныстар бар. Коттедждер 20 немесе одан да көп адам қабылдай алады.

Жалға алушыларға бассейндер, сауналар, джакузи, барбекю алаңдары, он немесе одан да көп автомобильдерге арналған тұрақ ұсынылады. Ақысын төлеп аспазшы, ыдыс-аяқ жуатын қызметкер, даяшы, монша жағатын және массаж жасаушылардың қызметін пайдалануға болады.

500 мыңнан және одан жоғары

Көбінесе Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарында орналасқан элиталық коттедждер бір тәулікке емес, көбінесе 2-3 күнге ұсынылады. Жалдау бағасы 1,5 миллион теңгеге жетуі мүмкін. Ең арзаны 500-600 мың. Негізінен бұл үш қабатты үйлер, ауданы 500 шаршы метр. Қонақтарға сауна, бассейн, барбекю алаңы, бильярд, караоке, аспазшы, даяшылар қызметі, мерекелік дастархан жайылады. Қосымша ақыға трансфер бар. Тіпті кейбір үйлерде тауыс (павлин) пен субұрқақтар да бар.

Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтандағы үйлерді күнделікті жалға алу бағасы Алматыға қарағанда төмен. 50-70 мың теңгеге дейін ұсыныстар бар. Көбінесе елордалық хабарландыруларда үйлер мереке, той, салт-дәстүрге қатысты жора-жорғы, сырға салу, беташар өткізуге арналады.

100-200 мың теңге

Бұл сомаға ауданы 300-400 шаршы метр болатын 5-7 бөлмелі үйді жалға алуға болады. Монша, би және банкет залы, караокесі бар. Кейбіреулер барбекю, қазан, тіпті бесбармақ дайындауға арналған арнайы пеш ұсынады. Мұндайлар негізінен Алматы облысында орналасқан.

200-300 мың теңге

Бұл сомаға 300-500 шаршы метрлік 7-10 бөлмелі коттеджді жалға аласыз. 30-35 адамға арналған банкет залы, музыкалық жабдық, үйдегі кинотеатр, караокесі бар. Балаларға сырғанақ пен әткеншегі Қала орталығында болмаса да, оң және сол жақ жағалауда.

300 мың теңгеден бастап және одан жоғары

Бұл сомаға ұсыныс өте аз. Аталмыш үйлер оң жағалауда, сондай-ақ сол жағалау жақта Талдықөл көлінің аумағы ұсынылады. Мұндағы жекежайлар  негізінен үш қабатты, 8-12 бөлмелі, ауданы 700-1000 шаршы метр. Үй иелері көбінесе  сыйымдылығы 30 адамға арналған банкет залын, бильярд, караоке, PlayStation, бассейн ұсынады.

Өзгешеліктері:

Үйді жалға алу бағасы неғұрлым қымбат болса, үй иесі соғұрлым көбірек қызмет ұсынады. Мысалы, қонақтарды лимузинде немесе «Гелендвагенде»  қыдыртады. Кейбір ұсыныс қосымша төленеді. Егер жекежайда монша немесе сауна болса, иесі көрсеткен уақыттан тыс пайдалануға (әдетте үш сағат) қосымша ақы төлеуге тура келеді. Бильярд немесе үстел теннисін ойнауға да тура солай. Шарт жасамас бұрын, бәрін егжей-тегжейлі  нақтылап алу керек.

- жалдау бағасына демалыстың ұзақтығы ықпал етеді. Бір күннен артық уақытты брондау кезінде, әдетте, жеңілдік қарастырылған. Алдын ала төлемнің ең аз мөлшері 20-55 пайыз.

Ақыл-кеңес:

  • Барлығын алдын ала жоспарлаңыз. Мерекеге жақындаған сайын ұсыныс  азайып, бағасы көтеріледі. Жаңа жылдық кештің құны бір жұмыс күнінен үш есе жоғары болатынын естен шығармаңыз.
  • Демалушылардың санын бірден талқылаңыз. Әдетте пәтер иелері 5-6 адамнан көп кісіні қабылдамайды.  
  • Пәтер құжатын тексеріңіз. Үй иесі екеніне көз жеткізіңіз. Егер ол жалға алушы болса, онда оның қосалқы жалға алуға рұқсаты болуы керек.
  • Егер сізге кепілдік салым қажет болса, оны қайтарудан бас тартқан жағдайда, жалға беруші екі есе айыппұл төлеуі керек деген келісім жасаңыз.
  • Кепіл ретінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын  бермеңіз. Оған заңмен тыйым салынған.
  • Төлеген кезде ақшаны аудару-қабылдау туралы қолхат жазыңыз. Кіруден бұрын мүлікті қабылдау актісін жасаңыз (жиһаз, техника, жөндеу жағдайы).
  • Егер бірнеше күн демалуды жоспарласаңыз, бағасын сәл түсіруге көндіріңіз. Қаңтардың басы - өлі маусым, сондықтан иесі айтарлықтай жеңілдік жасайды.
  • Үй иесі өз кезегінде жалға алушының жеке басын анықтап, тексеріп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қарап, тіпті сұрап алуы керек.

Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыз!

                          Материал krisha.kz аударылып алынды. 
Оқи отырыңыз: Риелтордың алаяқ екенін қалай білуге болады? 

Несие төлеуге ақшаңыз болмаса не істеу керек?

Атаулы әлеуметтік көмек: Қашан, қалай, қандай? 

Баспана бағасында қандай өзгеріс бар 

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде