{metadescription}
2020 жыл: Атаулы әлеуметтік көмек. Тұрақты жәрдемақы. Гранттар. Тұрғын үй. Зейнетақы

2020 жыл: Атаулы әлеуметтік көмек. Тұрақты жәрдемақы. Гранттар. Тұрғын үй. Зейнетақы

Атаулы әлеуметтік көмекті не үшін өзгертті? Ол кімге беріледі  және қанша? Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бір жылға дейін бала күтуге қанша төленеді? Балаларға мемлекеттен қандай көмек бар? Өтеусіз грант кімге? Тұрғын үй алуға кімнің құқысы бар? Жылына екі пайыздық пәтер кімге арналған?   Зейнетақы қорына жарна аудармайтын жұмыс берушілермен не істеу керек?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің «Слуги народа» бағдарламасының жүргізушісі Артур Платоновқа берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Артур Платонов, «Слуги народа» бағдарламасының жүргізушісі:

-Атаулы әлеуметтік көмектің форматы неге өзгертілді, көмек алуға кім құқылы? Және кейде барлық шарты болғанымен, АӘК берілмей жатады, сондай жағдайда қайдан сұрау керек, не істеу керек?

 

 

 

 

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

АӘК-тің бір бөлігін кірісіне қарамай тағайындалған және төленетін  мемлекеттік жәрдемақыға аудардық. Ол өткен жылы 2 миллион 400 адамға дейін жетті. Оның 600 миллионы –  балалар, ал 60 пайызы көп балалы отбасынан. Бала көбейген сайын, отбасына түсетін ауырлық та артады. Көп балалы отбасы – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар жанұя. Сол себепті аталмыш жәрдемақыны бала санына қарай дифференциалды, мөлшерге айналдырдық. Яғни, 4 бала 42-ден сәл артық, 5 бала – 53 мың, 6 бала – 63800, жеті және одан да көп 74 400 теңге. Ол табысқа  байланысты, табысы аз отбасы АӘК алады.

Ал жаңа туған балаларға бір реттік жәрдемақы 100 мың теңге мөлшерінде бірінші, екінші, үшінші балаға 100 мың көлемінде, 4-ші балаға 160 мың теңге. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне  жәрдемақы төленеді, ол да бала санына байланысты, айына 15 мыңнан  24 мың теңгеге дейін төленеді және қазір көп балалы отбасына тұрақты мемлекеттік жәрдемақы енгізілуде.

-Ол табысына қарамай, 18 жасқа дейін бе?

18 жасқа дейін. 18 жастан асқанда ЖОО-дағы күндізгі бөлімде  оқыса, онда 23 жасқа дейін төленеді.

АӘК форматындағы басты өзгеріс – тоқсан сайын тағайындау. АӘК тағайындауға тек өтініш беріп, кірісін көрсетсе болғаны. Ал екінші өзгеріс, әр отбасына белгіленген мөлшер жоқ, ол табысына қарай төленеді, АӘК мәні де осында.  

-Қазір бұл кірістің жан басына шаққандағы мөлшері қандай?

 

Бүгінгі күні кедейлік шегі кем дегенде, 31183 теңге. Бұл республикалық кедейлік шегінің 70 пайызын құрайды, бірақ әр аймақта ол әрқалай. Мысалы, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Атырау облыстарында күнкөріс минимумы орташа республикалық деңгейден жоғары, сондықтан белгілі бір айырмашылық төленген кезде біз қайтадан сол форматқа ораламыз. Шамамен 22 мың теңгелік кедейлік шегі, отбасының орташа кірісі 10 мың болса, әр отбасының мүшесіне 12 мың теңге. Әлдебіреудің  осыған байланысты АӘК-нің көлемі азаюы мүмкін, сол себепті ол ақшаға отбасының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсындық, оның баламасы 10 мың теңге.  

-Кепілдендірілген әлеуметтік пакетке не кіреді?

Әлеуметтік пакет – отбасындағы балаларға көмек. Мектеп жасына дейінгі балаларға азық-түлік, балалар тағамы, гигиена заттары. Оқушыларға мектепте бір реттік тегін тамақтану. Азық-түлік қоржыны  Денсаулық сақтау министрлігімен бірге есептелген.  Ақпанның бірінші жартысында 223 000 мектеп жасына дейінгі балалар АӘК-пен бірге әлеуметтік пакет   алады. 

Мектеп жасындағы балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жол жүру шығыны, мектеп формасы және оқу құралдары. Оның тізімін Білім министрлігімен бірлесіп жасадық. Ол балаларға тамыз айында және оқу жылының басында толық көлемде беріледі.

Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасуына қойылатын талап күшейтілді. Материалдық көмекпен қатар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары отбасын осы жағдайдан шығуға көмектесуі керек.

-Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда бүкіл отбасы АӘК алмайды, сонда оған не ұсына аламыз?

Бағдарламада бірқатар өзгертулер қарастырылған.  Жұмыссыздар, көп балалы отбасы, аз қамтамасыз етілген отбасына шағын несие  алу жеңілдетілді. Мысалы, шектеу 4 млн. теңгеге дейін болса, оны 21 миллионға жеткіздік. Аталмыш отбасына бес емес, жеті жылға беріледі. Үшіншіден, шағын несиеде пайыздық мөлшерлеме 6 пайыз болса, аз қамтылған және көп балалы отбасына енді 4 пайыз.

- Өтеусіз грантты кім тағайындайды? Оны алудың қандай шарты бар?

Биыл 200 АЕК, 500 мың теңге – өтеусіз грант беріледі.  Шарты - 25 күндік кәсіпкерліктің негізін қалайтын «Бизнес бастау» жобасын оқуы тиіс. Оқу – тегін. Грантқа қаражатты жұмыспен қамту орталығы атынан  жергілікті атқарушы орган бөледі. Көп балалы және аз қамтылған отбасына грант алдық. Олардан оқу талап етілмейді, яғни грант  қаражатын өз ісін жүргізуге арнайды. Былтыр жалпы 31 мың отбасы аталмыш грантты пайдаланды.

-Несие туралы. Төрт пайыздық мөлшерлеме, бұл несие мөлшерін ұлғайтады, әрине, ол көпшілікті қызықтырғанымен,  мысалы, үш миллионға кепіл сала алмаса, жиырма миллионға қайдан табаы?  

Бұл қанша дегенмен өтелетін несие, сондықтан кепілзат болуы тиіс. Біз ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы шағын несие  мәліметтін жүргізіп жатырмыз. Оның кепілзат саясаты икемді. Өйткені ол әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырады. Кепілге, мысалы, сатып алмақ болған малды қоюға болады. Елімізде  несиенің 90 пайызы ауыл шаруашылығына берілетіні белгілі. Мысалы, егер қандай да бір құрал-жабдық алғысы келсе, кепілге сол алатын нәрсесін қояды. Айта кету керек, бұл несиені 17800 адам алып, іске жаратып, кәсібін кеңейтті. Ал кәсібін іске асырғандар қосымша тағы 18 мың жұмыс орнын ашты, яғни, жүйе жұмыс істеп тұр.

-Көрермендерімізден түсетін жиі сұрақтардың бірі. Мысалы, отбасының ахуалы сәл жақсарды, тура сол кезде оларға АӘК беруді неліктен тоқтатады?  

Қазір АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Яғни, үш ай сайын табысының артқанын қарайды. Келесі тоқсанда тағы өтініш жазады, сөйтіп кірісі тоқсан сайын қайта есептелінеді. Ол әр аймақта күнкөріс минимумының 70 пайызы.

-Қорасындағы тауықтарды санап немесе үйіндегі судай жаңа теледидарды есепке алып, «жақсы тұрасыңдар» деген  оқиғаны естідік...  

Ондай жағдай болмайды. Ауыл шаруашылық министрлігімен бірге бекітілген ережеге сай, отбасының жануарларға, ірі қара малға қажеттілік дәрежесі жалпы бағаланады. Аудандық комиссиялар отбасының қорадағы малына, құстарына жұмсайтын жем-шөбінің шығыны жалпы бағаланады, яғни ескеріледі. Өтініш  беруші кәсіпкерлікпен, мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысатынын айтса, ол ескеріліп, кірісі мен шығынының айырмашылығы есептелінеді. Жаңа АӘК форматындағы заңнамада жергілікті билік органдарына, егер ол қандай да бір аймақта болса, малды есепке алмауға құқылы норма белгіленді.

-Жәрдемақыға қатысты стипендия да есепке алынады деген сөз шыққан.

Мүгедек балаларға берілетін жеңілдіктер, стипендия да кірістен шығарылады. Мысалы, студент басқа елді мекенде оқыса, өз үйінде тұрмаса, ол отбасының бір бөлігі ретінде қарастырылса, онда табысты оған бөліп, одан да көп АӘК алу мүмкіндігі туады. Енді біз жаңа заңда студент қай жерде оқитынына қарамай, ол отбасының бір бөлігі ретінде қарастырылуын  бекіттік.

 -Жиі кездесетін сұрақ. Өтініш жазғандардың көбісі жауапсыз қалады. Сондай жағдайда кімге жүгіну керек?

Өтініш жұмыспен қамту орталығында және ауылдық округ әкімдерінде қабылданады. Егер бірдеңе дұрыс болмаса немесе есептеулермен немесе тағайындау тәртібімен келіспесе,  мемлекеттік жұмыспен қамту басқармасына және әлеуметтік бағдарламаларға жүгіне алады.

-Тұрғын үймен қамтамасыз ету шарттары қандай және қай санат бойынша беріледі?

Халықтың әлеуметтік осал топтарының 11 санаты бар және бүгінде олар жергілікті атқарушы органдар арқылы сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй алады.

-Ол үйде қанша тұра алады және мұраға қалдыруына мүмкіндік бола ма?  

Бүгінде тұрмысы төмен отбасына  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Бақытты баспана» бағдарламасын іске қосады. Оған 2 пайыз қамтамасыз етіледі. Белгілі бір салымы бар және тұрақты кірісі бар екенін ескереді, ол кемінде 1АЕК.

-Егер жұмыс беруші зейнетақы жарнасын аудармаса, не істеу керек?

Салық органына хабарласын. Салық инспекциясының алдында жауап бергізіп, айыппұл төлетіп, жауапкершілікті күшейту керек. Жалпы, кез келген жұмыс істеуші азамат еңбек шартын рәсімдеуге мүдделі. Егер жұмысқа орналасса, ең алдымен Еңбек шартын жасауды талап етсін. Еңбек кодексінде жұмыс берушінің келісімшартсыз жалдауға құқығы жоқтығы тайға таңба басқандай етіп жазылған.

Cұхбаттың толық шығарылымын мына жерден қарауға болады. 

Оқи отырыңыз: 2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі  

Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Жастарды қолдау 

Ипотека рәсімдеуде сіз білуге тиісті пайдалы мәлімет 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.