Сақтансаң, сақтайды: Жер сілкінісіне қажетті дабыл сөмкесі мен ережелер
Соңғы бірнеше күнде алматылықтар бірқатар жер сілкінісін сезді. Алматы қаласының сейсмоқауіпті аймақта орналасқанын және білінер-білінбес жерасты дүмпулері жиі болып тұратынын ескерсек, зілзала кезінде қандай іс-қимыл жасау керектігін білуіміз қажет. Ендеше төменде көрсетілген дабыл сөмкесін дайындап, нұсқаулықты сақтап қойған жөн.
Автор: Заира Сабитова
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жер сілкінісі немесе басқа төтенше жағдайдан аман қалуға көмектесетін «дабыл сөмкесін» жинауға ұсыныс жасады.
Жалпы, жер сілкінісі кезінде жер мен ғимараттар бірнеше секундтан бір минутқа дейін теңселеді. Асықпай-аптықпай, шуламай, даурықпай, ссалмақпен, байсалды әрекет етсеңіз, өзіңізді де, жақындарыңызды да сақтап қалу мүмкіндігі көп.
Жер сілкінісі болған кезде жер қыртысы біраз секунд теңселеді, ал үлкен жер сілкінісінде – бір минут. Мұндайда тыныштық пен ұстамдылық сақтау өте маңызды!
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуінде:
-
Газ, су және электр қуатын өшіріңіз.
-
Егер жер сілкінісі әлсіз болса, онда сол қалпында аяқталғанын күтіңіз.
-
Күшті жер сілкінісі жағдайында (дүмпудің күші бес немесе одан да көп балл), егер сіз екінші қабатта немесе одан жоғарыда болсаңыз, бөлмеден шықпаңыз.
-
Қауіпсіз жерде – ішкі қабырғаға, бұрышқа, есік ортасына, тіреу бағанына жақын жерде тұрыңыз.
-
Төсектің, үстелдің астына кіріңіз, ол үстіге құлайтын жарықшақ, сынық заттардан қорғайды.
-
Терезе мен ірі, ауыр жиһаздардан алыс болыңыз.
-
Жеделсатыны (лифт) пайдаланбаңыз.
-
Егер көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс ашық жерге барыңыз, үзілген электр сымына жоламаңыз.
-
Ғимаратты тікелей бойлап жүрмеңіз, оның ішіне кірмеңіз.
-
Егер көлікте болсаңыз, онда ашық алаңқайда (ғимараттардан аулақ) болып, көліктен шықпай отырыңыз.
Есіңізде болсын: жер сілкінісі кезінде адам шығынының кейбір себебі – жер қыртысының қозғалуында.
Жер сілкінісі апаттарының негізгі себептері:
-
ғимараттардың жекелеген бөліктерінің құлауы;
-
сынған әйнектердің шашырап құлауы;
-
үзілген электр сымдары;
-
пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
-
өрт;
-
адамдардың бақылаусыз дүрбелеңі, әрекеттері;