{metadescription}
Әлеуметтік көмектің көлемі артты

Әлеуметтік көмектің көлемі артты

Төтенше жағдай режимі кезеңіне мемлекеттік әлеуметтік көмектің көлемі қаншаға артты? Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемақы тағайындау қаншаға ұзартылды? Азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізімін қалай кеңейтілді? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қандай өзгерістер енгізді?

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңіне азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізімін кеңейтті.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсету ережелеріне және төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарымен қамтамасыз ету қағидаларына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Бұйрығымен тиісті өзгерістер енгізілді.

Тізімге барлық жастағы III топтағы мүгедектер мен жұмыссыз азаматтар қосымша енгізілді.

Енді азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарды азаматтардың келесі санаттары алатын болады:

– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

– мүгедек баланы тәрбиелеуші;

– жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап шамамен 180 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жинақтармен қамтамасыз етілген.

Осы көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Қазақстанда ТЖ режимін енгізуге байланысты тікелей қарым-қатынасты болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемақы тағайындауды автоматты түрде ұзартады.

Ал бірінші рет өтініш білдірген жағдайда учаскелік комиссия байланыс құрылғылары арқылы тексеру жүргізеді. Қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпаратты азамат пошта немесе мессенджер арқылы алады.

Бұйрықта төтенше жағдай кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Түзетулерге сәйкес, егер қайта тексеру мерзімі бір ай ішінде немесе төтенше жағдай кезеңінде түссе, онда мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі төтенше жағдай режимі кезеңіне автоматты түрде ұзартылады.

Бұл ретте төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ және жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде