{metadescription}
COVID-19 ЭКСПРЕСС-ТЕСТІНЕН ӨТУ: ҚАЛАЙ, ҚАЙДА, КІМ?

COVID-19 ЭКСПРЕСС-ТЕСТІНЕН ӨТУ: ҚАЛАЙ, ҚАЙДА, КІМ?

Қазақстанда Covid-19 экспресс-тестінен кім өте алады, қалай өтуге болады? Экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек? Тестті қайда және кім өткізеді?

Қазақстанда Covid-19 экспресс-тестінен кім өте алады, қалай өтуге болады?

Анамнезінде (ауру тарихы) соңғы екі айда ауырғаны жайлы мәлімет болса немесе қазіргі уақытта ЖРВИ немесе пневмония, ЖРА белгілері бар қауіп топтарындағы барлық адамдар:

  1. Коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем саласының медициналық қызметкерлері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері;
  2. Медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатындар;
  3. Тыныс алу органдарының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрғандар;
  4. Ауруханаға жатқызылмаған респираторлық белгілері (ЖРВИ, пневмония, ЖРА) бар науқастар;
  5. Ауру жұқтырған адаммен байланыста болғандар;
  6. Автоөткелдер мен теміржолдағы мемлекеттік шекарадан өткізу бөлімшелері арқылы Қазақстанға сапарлап келетін азаматтар;
  7. Коронавирус таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ІІМ, кеден қызметі, әкімдіктегі қызметкерлер);
  8. Карантин аймақтардың тіршілік қызметін қамтитын қызметкерлер (коммуналдық, дәрі-дәрмек, азық-түлік сататын сауда нысандарының, үйге дейін жеткізіп беретін қоғамдық тамақтандыру нысандарының, көлік тасымалының, дезинфекция жасайтын ПИК қызметкерлері және т.б.)
  9. Тек эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша өзге тұлғалар;

Covid-19 экспресс-тестінен қалай өтеді?

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Covid-19 тестінен өту процедурасы басқа талдаулар қабылданбайтын қатаң түрде биоматериал алу үшін ғана белгіленген бөлімшелерде өткізіледі (сауалнамаларды іріктеу қорытындысы бойынша).
  • Кіретін және шығатын науқастар легі 2 жаққа бөлінеді.
  • Науқастар экспресс-тестке тек белгіленген уақытта ғана шақырылады.
  • Қан тапсыру бөлімшесінің алдында кезек күтіп тұрғандар арасында 1,5-2 метр арақашықтық сақталуы тиіс.
  • Ғимарат ішіне бір-бірден ғана кіреді.
  • Медициналық маска тағу міндетті.

Экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек?

  1. ҚР ДСМ республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының  formcovid.eisz.kz/index.html сайтында сауалнама толтыру.
  2. Эпидемиологиялық іріктеу нәтижесінде бірінші кезекте тесттен өтетін азаматтардың санаттары көрсетілген.
  3. Азаматтардың осы санаттары коронавирусқа экспресс-тесттен тегін өтеді.

Тестті қайда және кім өткізеді?

  •  ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫ (шұғыл шақыртулар)
  • ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ
  • БРИГАДАЛАРЫ, АРНАЙЫ ЖАСАҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДЕ (тек шақырылғанда)
  • АВТО ЖӘНЕ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛДЕРІНДЕ (ҚР аумағына сапарлап келетін азаматтар үшін)
  • СТАЦИОНАРЛАРДА (тек медициналық нұсқаумен) 

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.