{metadescription}
Себепсіз қымбаттаған дәрі-дәрмек. Қайда шағымданамыз?

Себепсіз қымбаттаған дәрі-дәрмек. Қайда шағымданамыз?

Елімізде  дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек жеткілікті ме? Соңғы кезде әлеуметтік желілерде «дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасы күрт қымбаттап кетті» деген ақпараттар, фотосуреттер мен посттар өте көп тарап жатыр. Біле жүріңіз, былтыр тамызда дәріханаларда көтерме және бөлшек сауда үшін дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеу туралы бұйрыққа қол қойылған. Қазір 6000-нан астам дәрінің көтерме және бөлшек сауда бағалары белгіленген.Егер дәріханада дәрі-дәрмек...

ғасын себепсіз қымбаттатса, онда... 

2019 жылы тамыздағы талаптарын сақтау мақсатында халық қолданысы үшін барлық смартфонда жұмыс істейтін 3 тілді «DARIKZ» мобильді қосымшасы жасалған, соны жүктеп алыңыз. Ол тегін қызмет көрсетеді.

Мобильді қосымшада еліміздің дәріханаларында шекті бағаға қатысты шағым беру бойынша функционал бар.

Қосымша арқылы шағым беру үшін 3 қарапайым қадам жасау жеткілікті:

1) Дәрі-дәрмекті шекті бағамен табу

2) Шағым беру бастырмасына басу және қажетті ақпаратты енгізу

3) «Жіберу» батырмасын басу.

«Мессенжерлер мен әлеуметтік желілердегі әртүрлі провокациялық әңгімелер халықтың «алда керек боп қалар» деп қор жинау мақсатында дәріханадан дәрі-дәрмекті, әсіресе ыстық түсіретін препараттарды көптеп сатып алуына әкеп соқты. Мұндай препараттар біздің елімізде жеткілікті деңгейде өндірілетінін атап өткім келеді. Дүрбелеңді ескере отырып, дәрі-дәрмекті сатып алу мен жеткізу ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Отандық өндірушілер дене қызуын түсіретін препараттардың ірі партиясын жеткізді. Ингеверин мен 70 мың қаптама интерафлю жеткізілді. Оның 40 мың қаптамасы алдағы уақытта қоймаларға жеткізіліп, аймақтарға таралады. Мұндай препараттар ем-дом хаттамасына сәйкес амбулаториялық деңгейде ковидті емдеуге қолданылмайтынын атап өткім келеді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Осы функционалдың көмегімен еліміздің кез келген азаматы дәріханаларда шекті баға бойынша бұйрықтың сақталуын тексеріп, дәрі-дәрмектің бағасы шекті көрсеткіштен жоғары болған жағдайда шағым бере алады. Мобильдік қосымша арқылы берілген барлық шағымдарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қарайды және бұзу фактісі расталған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі оны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қолданады» дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.