{metadescription}
12 - 18 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

12 - 18 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Астрологтардың 12 - 18 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

12 - 18 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал.


Тоқты жұмыс және ұйымдастырушылық мәселеде елеулі нәтижеге қол жеткізе алады. Сіздің кәсіби позицияңызды нығайтуға, алға жылжуға толық мүмкіндігіңіз бар. Жеке белсенділік артады. Белсенді және мобильді боласыз. Жақындарымен, әсіресе, ерлі-зайыптыларда қарым-қатынас күшейеді. Бойдақтар отбасын құру, балалы болу идеясы туралы ойланатын болады. Осы күндері сізге арналған мақтау естисіз. Өзіңе деген мақтаныш, өз жетістіктерің болады. Жоспарланған іс-шаралардың барысын болжауьқиынырақ. Бірақ бұл қажет тәжірибе жинақтауға маңызды сәт болады. Осы уақытқа дейін өмірдің жасырын жолдарын үйренуге, оқуға көп уақыт бөлесіз. Адамдармен қарым-қатынас сіздің ішкі дамуыңыздың маңызды нүктесі болады. Сізді интеллектуалды кездесу қызықтырады. Бір-бірімен байланыстыратын сәттер үлкен маңызға ие болады: дәуірлер, мәдениеттер, сайып келгенде, каста, адамдар тобы. Сіз бұрынғыдан да үнемді, тіпті ашкөз боласыз. Айналаңыздағы адамдар сіздің күшіңізді сезініп, еріксіз көнеді, сіздің шарттарыңызға келіседі. Осы кезеңде сіздің тартымдылығыңыз артады, басқаларға магниттей әсер етеді. Алда көптеген жол, саяхат күтіледі.

Торпақ жұмыс орнын, ал кейбіреуі тіпті кәсібін өзгерткісі келеді. Достармен қарым-қатынас күрделене түсуі мүмкін. Өз  мінез-құлқыңызды қайта қарауыңыз керек, әйтпесе жалғыз қалуыңыз мүмкін. Көбінесе сіздің айналаңызда түсініксіз нәрселер көп болады. Жоспарланған кездесу болмауы мүмкін, келіссөз үзіледі. Бұрыннан келе жатқан серігі тарапынан сенімсіздік пайда болады. Алайда, жағдай сізге тұтас алғанда қауіпті емес, бірақ ол сізді өте мұқият ойлануға және әрекет етуге мәжбүр етеді. Шығармада күтпеген материалдық проблема болуы мүмкін. Сізге ақшаға шот-фактура ұсынылуы мүмкін. Мәдени-сауықтыру бағдарламаларымен айналысатындарға қиындық туындайды. Апта некедегі бәне бизнестегі серіктестіктер ықпалының күшеюімен ерекшеленеді. Бұл белсенді байланыс уақыты, ол өте қарқынды болғанымен, әдетте сізге  қолайлы. Өмірге шығармашылық тұрғыдан қараған кезде сіз бұрынғыдан да көп жетістікке жетесіз. Үйіңізде сапалы өзгерістер, жұмыс орнында өз өнертабысыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында өзгеріс болады. Көбісі сіздің бастамаңызды пайдаланғысы келеді. Сізден жиі кеңес, қолдау сұрайды, әсіресе қарсы жыныстағы адамдар.

Егіздер қиын, оқиғалы кезеңге аяқ басты. Эмоция логикадан гөрі басым. Басқа адамдардың сізге әсер ету дәрежесі екіұшты болады. Сіз ақылға толы кеңесті тыңдағаннан көрі, жағымпаздарға көп құлақ асасыз. Осы кезеңде сізге тағдырдың тауқыметін түсіну қиын болады, бірақ түйсік пен тапқырлық ол соққыларын басып тастайды. Сәтті келіссөз болып,  ықпалды адамның қолдауы мүмкін. Іс-шара ағыны сізге мүмкін болатын бизнес жүргізу шартын белгілейді. Көбіне жауапкершіліктің арыстандай бөлігін өз қолыңызға алуға тура келеді. Бұл еңбекке де, отбасылық қатынасқа да да қатысты. Өткен өміріңіздің көп бөлігі ұмытылып кетеді. Белгілі адамдардан бизнес-ұсыныс болады. Егер сіздің амбицияңыздың деңгейі тым жоғары болса және сіз «көрпені өзіңізге тартып,» елеулі есеп айырысуға, бөлінуге және тіпті қоштасуға дайын болыңыз. Жеке өміріңізде қазір сіз басқа жыныстағы адамдарға ерекше тартымдысыз. Бірақ сіздің айналаңызда көбінесе күмәнді адамдар айналсоқтап жүр. Саяхаттан бас тартқан дұрыс.

Шаян тұрғын үй мәселесі, мансап, билік пен жеке жетістікті шешеді. Сіздің тынымсыздығыңыз қоршаған ортаңыздың өзгеруінің қайнар көзіне айналады. Жаңа іс-шараларға, спорттық іс-шараларға, ашық ауада өткізуге шынайы қызығушылық танытасыз. Қарастырылатын маңызды мәселе бар. Бұрынғыдан көп нәрсе жинауға бейім боласыз. Сізде байыту, пайдалы инвестиция және әртүрлі сатып алуға көптеген мүмкіндік болады. Қажет тұрмыстық заттарды сатып алу және гардеробты жаңарту арқылы өз өміріңізді әлдеқайда жайлы әрі жағымды етесіз. Көбінесе импульске, көңіл-күйге ұшырайсыз. Жалпы, эмоция логикадан гөрі басым болады. Өзіңіздің ғана емес, сүйікті адамыңыздың да көңілінен шыққыңыз келеді. Бұл үшін сіз күш-жігеріңізді аямайсыз. Апта әсіресе коллекция жинаушылар мен сұлулықты бағалайтындаға сәтті. Сіздің коллекция құнды экспонаттармен және қымбат заттармен толықтырылады. Бұл күндері сіз жұмыста, достарыңыздың ортасында, өз үйіңіздің назарында боласыз. Бұл түсінікті, бір жағынан, сіздің тағдырлы айдың басталуымен, екінші жағынан, бүгінде көп нәрсе басқа адамдардың тағдыры да сізге тәуелді болады.

Арыстан жақын ададары мен достарына қамқорлық танытуы қажет. Бұл жағдайда белгілі бір мінез-құлық көрсетіп, қарсылық танытпайды. Жеке жауапкершілік артады. Әсіресе басшыларда. Мазаны алған жобаны аяғына жеткізудің сәті түседі. Ол материалдық және тұрмыстық қиындыққа байланысты болған. Сізге тәжірибелі көмекші мен ұйымдастырушы қажет. Ұжыммен ақылдасатын адамдар сәттілікке қол жеткізеді. Бюрократтар мен айналасындағы адамдарға сенбейтіндер сәтсіздікке ұшырайды. Белгілі досымен ескі қарым-қатынас қалпына келеді.  Өзара болған өкпе-ренішіңізді айтасыз. Дегенмен жалжал жағдайға қарамастан, бір-біріңізге деген қажеттілік бәрін жеңіп шығады. Ересек туыстармен түсінбестік туып, көңіліңіз қалуы мүмкін. Олардың мазаңызды алып, талап етуі алаңдатады. Тап қазір тағдырыңыз тәуелді болған адаммен уақытша ажырасу күтіледі. Аптаның екінші жартысы сізге қызықты таныстық пен біліміңізді көрсету мүмкіндігі туады. Қаржы жағы сәл алаңдатады.

Бикеш маңызды сапарға дайындық немесе оны жүзеге асырудың жолын іздеумен айналысады. Тап қазір іс-әрекетке дайынсыз, ол барынша мұқият болуды талап етеді. Егжей-тегжей қарастырыңыз. Шын ниетіңізді жасыруға тура келеді. Және ол мазаңызды кетіріп, алаңдауға түрткі болады. Оңашада отырып көп ойланасыз. Жақында болған оқиғалар туралы. Шартты келісімдер де көңіліңізді түсіреді. Біреуге бірдеме беруіңіз керек немесе қарыз қайтаруыңыз керек. Жұлдыздар денсаулыққа көңіл бөлуге кеңес береді. Салқын тиіп, бұрынғы аурулар қозуы мүмкін. Кездейсоқ кездесуден аулақ болыңыз. Әсіресе ересектер. Ал отбасы барларға жақсы кезең туып тұр. Эмоцияңыз шаттыққа бөленеді. Жақын туыстар бір-бірімен жақындасып, араласып, тату-тәтті кезеңге ауысады. Ата-анасына барып, қуанышты жаңалық естиді, мәз-мәйрам болады. Табыс табуға бар күшін салады. Жаңа таныстықтар, әйелдермен қатынас күтіледі.

Таразы қаржы, мүлік, керемет зат, көне заттарға қатысты шаруаларды тындырады. Банк, музей, ломбард, бутик, зергер мен антикварлардың жолы болады. Шығармашыл адамдардың да жолы ашық. Ал сатып алу-сату, қайта сатумен айналысатын және делдардарды материалдық шығынға ұшырайды. Ұрлық-қарлықтан, сапасыз сатып алудан аулақ болыңыз. Кредит алған да жақпайды. Сізге ұнамайтын әйелден сақ болыңыз. Ол сізге ұсыныспен келуі мүмкін. Мүддеңіз қайшы адамдардан аулақ болыңыз. Бұрын келіссөз бен байланыстарыңызды үзген адам сізге келіп, көңіл бөлуді сұрауы мүмкін. Аралас-құраластықтан қашып, керексіз адамдардан құтылудың жолын іздейсіз. Өзіңізге қажет білім мен ақпарат іздеуге талпынасыз. Оқуға деген талпыныс ерекше жолмен жүзеге асырылады. Жинаған тәжірибеңізді мақтан тұтасыз. Сонымен қатар өзіңізге деген сенім артып, өз ойыңызды ашық айтып, оны қорғап қалуды үйренесіз. Белгілі адамның материалдық жетістігі таңқалдырып, күдік тудырады. Табиғат аясындағы демалыста шаршаудан арылып, ол сізге күш-қуат әкеледі.

Сарышаян бәсекелестік рухына беріледі. Өз мүддесін қорғап, тыңғылықты және қыңыр болады. Өзгенің пікірін ұнатпай, жақтырмай, ешкіммен келіспейсіз. Жанжалдан қашудың ең жақын жолы – дипломатия, ақылмен істеу. Әр шешіміңізді ойланып-толғанып істеңіз. Аз да болса, ақша түсуі мүмкін. Жақын туыстан сыйлық аласыз. Өзіңіз де біреуге сыйлық жасайсыз. Отырыс күтіледі. Араласатын ортаңызда күрт өзгеріс болады.  Болашақта рөлі болатын адаммен танысасыз. Бұрын болжаған өзгерістерді бақылайсыз. Ол өз кезегінде сіздің тағдырыңызға сапалы бетбұрыс әкеледі. Сіз шығармашылық бастамаңызды іске асырудың жолын қарастырасыз. Ол жеке басыңыздың қасиетін ашады. Кәсіби салада бәсекелестерден қорықпаңыз, өйткені сіздің қабілеттеріңіз бен әрекет ету амалы әлдеқайда мықты. Мүлік мәселесін шешу қиынырақ болады. Ол шаршатады. Бірақ нәтижесі бар. Жеке өмірде тартымдылық көзге ұрып тұрады, әсіресе әйелдер мен балаларда.

Мерген қызғаншақ адамдардан аулақ болғаны жөн. Солардың әрекетінің кесірінен зардап шегуіңіз мүмкін. Көбісі бейтаныс адамдармен араласуда қиындыққа тап болып, тіпті бөгде адамдар зиян әкелуі мүмкін. Бөтен адамнан соққы алуы мүмкін. Күдік тудыратын қамқоршыдан сақ болыңыз. Тек сенімді серіктестерге ғана жоспарыңызды айтыңыз. Туыстармен, қарым-қатынас, әсіресе ересек,  жақсы өзгерістеге ұласады. Бірлесіп тұрғын үй мәселесін шешесіз, оның ішіне жөндеу, құрылыс та бар. Осы аптадан бастап кәсіби деңдейіңіздің өсуі байқалады. Көбісі жұмысын ауыстырып, тіпті ісін де өзгертеді. Делдалдар рөлі жоғары болады, ол араңыздан да шығуы мүмкін. Белгі ортада аңдаусыз айтылған сөзіңіз сіздің абыройыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Денсаулығыңызға аса мұқият болыңыз! Жүріс-тұрыс көп болады. Кездейсоқ таныстықтан аулақ болыңыз. Үлкен бәр нәрсе сатып аласыз.

Тауешкі бір орында отыра алмайды. Тағы да істейтін маңызды істер, ұсақ-түйек шаруа көп, Одан қашып құтыла алмайсыз. Әр істі мұқият бақылаған маңызды болмақ, әйтпесе ұйқыңыз бұзылады. Біреуге қамқор болып, жол сілтеп, оқытуға тура келеді. Ондай адамдар табылады. Тұрмыста шаруашылық мәселе басқа адамдарға қарағанда сізде жақсы іске асырылады. Бірақ сіздің сақтығыңыз кәсіби салады тұрақты болмайды. Бірінші орынға өсек-аяң, қарым-қатынаста күрделі бетбұрыс орын алады. Өзіңіз де жұмбақ көрінуге бет бұрасыз. Бірақ артыңызда таққа отыруға деген шайқас болады.  Бір қызығы, күш сіз жақта емес. Сізге қолдау мен беделді адамның көмегі демеуі қажет болады. Бәлкім, жұмысыңызды ауыстырмайсыз, қызметтен кетпейсіз, дегенмен ол бірден болмайды. Әсіресе ол погон таққандар мен білім саласында істейтіндерге қатысты. Құжатқа қол қоясыз. Айналаңызда жағымсыз талас, бәсекелестік орын алады. Шетелдіктермен кәсіби байланыс сәтті өткізіледі.

Суқұйғыш бұрыннан аңсаған жоспары ақыры жүзеге асады. Тіпті аз да болса да. Жоғарыда тұрған адам сіздің үндемей берген келісіміңізді қабылдайды. Сонымен қатар өзіңіз де пайдалы өзгерістерге ұшырап, әрекет етуге дайын боласыз. Бұл айтылған сөзіңіз болып жатқан жағдайға сәйкес келетін сирек кездесетін кезең. Жаңа әріптеспен ынтымақтастық болуы ықтимал. Келіссөзді сәтті жүргізіп, серіктестерді өз жағдайыңызға сай шартыңызға көндіресіз. Адамдармен қарым-қатынаста қаржы міндеттемесі үлкен рөл атқарады. Қомақты қаржы құю мүмкіндігінен аман қаласыз. Сіздің бергеніңіз тек адал уәде болмақ.  Оны орындау да қиынға соғады. Бұл материалдық жағынан қиын кезең. Әсіресе еркектерде. Ал әйелдердің қызығатын дүниесінде өзгерістер болады, істерінде де. Жасы келген туыспен қарым-қатынас қайта жаңғырады. Сіздің жолыңызда заң тарапынан өкілмен қатынас қажеттігі туындайды. Қуануға дайынсыз, бірақ жеке өмірде қуаныш аз.


Балық қарым-қатынаста күйзеліс туады. Достармен де. Бұрынғы түсініктеріңіздің быт-шыты шығады. Бәрін қайта қарайсыз. Міндеттемелеріңізді де. Тек кәсіби салада ойыңыз тұрақты болады. Сіз қарама-қайшылыққа толы адамсыз. Кейде сіз қалаған нәрсе шектен шығады. Егер бастық болсаңыз, қол астындағы адамдармен жалжал тууы мүмкін. Сізден туыстар да, көршілер де сөз естиді. Сіз туралы небір өсек тарайды. Дайын болыңыз. Техникамен, электроникамен жұмыс істегенде асқан абайдық қажет. Сақ болыңыз. Ақа түседі, бірақ шығын да көп. Одан құтыла алмайсыз. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның тілегін орындауға ықыласыңыз болмайды. Күтпеген оқиға болуы мүмкін. Кейбіреуін жанжал, дау-дамай күтіп тұр. Ұзақ уақыт салқын қатынас күтіледі. Сонымен бірге қызметтегі кездейсоқ рмантикалық қатынас та жоққа шығарылмайды. Одан болашақта жапа шегуіңіз әбден мүмкін. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Көп ақпарат аласыз. Өзіңіз де қызық жаңалықтың куәгері боласыз.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

ОЗБЫР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ? ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ПОРТРЕТІ

ЕГЕР КАРТАҢЫЗДАҒЫ АҚШАНЫ БӨТЕН АДАМ ШЕШІП АЛСА ...

ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде