{metadescription}
Семейде биіктен ұшқан қиранды бір тұрғынның басын жарды
Семейде биіктен ұшқан қиранды бір тұрғынның басын жарды

Семейде биіктен ұшқан қиранды бір тұрғынның басын жарды

Семейде қатты жел тұрып, сауда мекемесінің шатыры мен электр бағаналарды жұлып әкетті. Темір жабынның бірі сол маңда өтіп бара жатқан көліктің төбесіне түссе, екіншісі жаяу жүргіншіні жарақаттады.

Жел секундына 18 метр жылдамдықпен соққан екен. Салдарынан сауда орнының 230 шаршы метр шатырының жартысын ұшырып жіберген. Дауылға шыдас бермеген шатыр кірпішімен қоса қопарылып қалды. 9 метр биіктіктен ұшқан қирандылар жолда кетіп бара жатқан 58 жастағы азаматтың басын жарыпты. 

Салықжан Күлбеков, зардап шегуші:

-Біраздан кейін есімді жинасам шатыр жерде жатыр. Кісі деген қаптап кеткен. Бетімді жуып жатыр. Бір жарты сағаттан кейін жедел жәрдем келіп емханаға алып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде