{metadescription}
Көкшетауда 8 миллиардқа жөнделген  әуежайдан  ұшу қауіпті болып шықты
Көкшетауда 8 миллиардқа жөнделген  әуежайдан  ұшу қауіпті болып шықты

Көкшетауда 8 миллиардқа жөнделген әуежайдан ұшу қауіпті болып шықты

Өткен жылы ғана халықаралық мәртебе алған Көкшетау әуежайынан ұшу қауіпті болып шықты. Өрт сөндіру қызметі жоспарлы тексеру барысында қауіпсіздік ережелерінің 63 талабы орындалмағанын анықтаған. Олқылық дереу жойылмаса нысан мүлдем жабылуы мүмкін. Ал аптасына небәрі 4 рейске қызмет көрсететін әуежай жуырда ғана 8 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өткен болатын.

8 млрд 300 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен Көкшетау әуежайына жуырда халықаралық мәртебе де берілген еді. Бірақ қыруар қаржы текке кеткен сыңайлы. Өйткені нысан басқаны айтпағанда, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес болмай шықты.  

Денис Шелкоплясов, Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Егер әуежайда анықталған кемшіліктер жақын арада ретке келтірілмесе, департамент сотқа арыз түсіріп, жұмысын тоқтатуға күш салады. Әзір оларға уақыт беріп отырмыз.

Әуежайдағы өрт қауіпсіздігі қызметінің өзі от шықса, қауқарсыз екенін айтып талай дабыл қаққан. Бірақ нысан қайта жөнделсе де, бұл мәселе сол күйі қалыпты. Қазір мұнда 80-ші жылы зауыттан шыққан екі өрт сөндіру көлігі ғана бар. Оның өзі сынық. Су гидранттары да істен шыққан. Әуежайда қызмет қылатын 150 адамның да жалақы көрмегеніне біраз болыпты.

Нұрлан Шаяхметов, әуежай жұмысшысы:

-Өзі аз ғана тиын-тебенімізді ала алмай жүрміз. Қыркүйекте аванс берген. Содан бері жалақы жоқ. Қалай жұмыс істейсің?

«Көкшетау әуе компаниясының» бас директоры болса жолаушылар бір жылда 10 мыңнан 18 мыңға жетті деп марқайып отыр. Ал солардың қауіпсіздік жайын ұсақ-түйек деп санайды. 

Жанат Кольчуков, «Көкшетау әуекомпаниясы» АҚ бас директоры:

-Ол бәрі ұсақ-түйек қой. Ақырындап ретке келтіріп жатырмыз. Комиссия қабылдап алғанда осы мәселелер неге ескерілмеген?Жаңа техника сатып алатын ақша жоқ. Жалақы да бере алмай отырмыз. 3 миллион теңге қарызымыз бар. Шамамыз келгенше бәрін қалпына келтіреміз.

Халықаралық мәртебесі бар әуежайда талап бойынша тек өрт қауіпсіздігімен айналысатын қызметте 60 адам жұмыс істеу керек. Ал мұнда бар жоғы 15 маман. Бірақ басшылық аптасына небәрі 4 рейсті ұшырып-қондыратын әуежайға осынша қызметкер жетеді деп санайды екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.