{metadescription}
Әкімді ұрғаны үшін түрмеге жабылған кәсіпкер босап шықты
Әкімді ұрғаны үшін түрмеге жабылған кәсіпкер босап шықты

Әкімді ұрғаны үшін түрмеге жабылған кәсіпкер босап шықты

Талдықорғанда шаһар әкімінің орынбасарымен төбелескен кәсіпкер араға бір ай салып түрмеден босап  шықты. Алматы облыстық соты қалалық инстанцияның үкімін өзгертіп, оны қоныс колониясынан бостандыққа шығарды. Алмасбек Садырбаев қалған мерзімін шартты түрде өтейтін болды. Алайда бұл шешімге осы оқиғадан кейін қызметінен кеткен экс-шенеунік қарсы шықты

Асқар Тұтыбаев, жәбірленуші:

- Құрметті судья , сізден қалалық соттың үкімін бұзбауды сұраймын. Өйткені Алмасбек Садырбаев бұрын да істі болғанымен , одан еш қорытынды шығармаған. Осы жолы да оның тәртібі түзеледі деп айта алмаймын. Мемлекеттік қызметкерді жұмыс кабинетінде ұрып-соғу деген не масқара? Олардың құқын сонда  кім қорғайды ?    

Алайда Талдықорған әкімінің  бұрынғы орынбасары Асқар Тұтыбаевтың сотта ауыз толтырып айтқан сөзіне судья құлақ аспады. Сөйтіп, Алмасбек Садырбаевтың шағымы қанағаттандырылып, ол түрмеден дереу босатылды.  Қалған 11 айын  енді шартты түрде өтемек. Естеріңізге салсақ, биыл жазда кәсіпкер жүн өткізгені туралы құжатқа қол қоймаған Тұтыбаевпен жаға жыртысып қалған еді. Сот Садырбаевты айыпты деп танып, жазасын бір жылға қоныс колониясында өтеуге  жіберген болатын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде