{metadescription}
Шымкентте бүлдіршіннің өмірін жалмаған өртке қатысты жаңа дерек шықты
Шымкентте бүлдіршіннің өмірін жалмаған өртке қатысты жаңа дерек шықты

Шымкентте бүлдіршіннің өмірін жалмаған өртке қатысты жаңа дерек шықты

Жаңа болжам! Шымкентте бүлдіршіннің өмірін қиған өрт теледидардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Бір пәтерінен өрт шыққан көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, мұнда келген сараптамашылардың болжамы осындай. Ал бұл жағдай бүкіл подъезді дүрліктіріп жіберді. Өрт сөндірушілер мен полицейлер түтін арасынан бірнеше баланы шығарып үлгерген.

Оқиға орнына 5 өрт сөндіру көлігі мен оннан астам қызметкер дер кезінде жеткенімен, жалындап жатқан үйге жақындауға аулада бей-берекет қойылған көліктер тосқауыл болған. Жете сала подъездегі жұрттың бәрін қауіпсіз жерге көшірген мамандар бірнеше тұрғынға медициналық көмек те көрсетіпті. Өкініштісі сол, улы газға тұншыққан 5 жасар баланы ауруханаға жеткізгенімен ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Бұл қайғылы жағдайға үй ауласында көліктердің сығылысып тұруы да себеп дейді тұрғындар.

Гүлнар Нұрмұхаметова, Шымкент қаласының тұрғыны;

-Біз шақыртқан скорая помощ біздің дворға сразу кіре алмай қалды. Мына біздің дворға кіретін жолымыздан машиналар тұрып қалды. Содан, сол кедергі болды скорый помощқа сразу келіп мына балаға жәрдем беруге.  Ешқандай не газда жоқ, газовый баллонда жоқ, не колонка да жоқ. Именно короткий замыканиеден, телевизордан кеткен зат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде