Астанада ерекше мешіт бой көтерді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айы қарсаңында Астанада жаңа үлгіде салынған мешіт құрылысымен танысты. Футуристік стильде бой көтерген ғибадат үйінің ерекшелігі, электр мен жылу баламалы қуат көздерінен алады.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.05.2018
Яғни, ішін жарықтандыру мен жылытуға көмір мен электр қуаты қолданылмайды. Есілдің оң жағалауында, Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешіт 750 адамға лайықталған. Жалпы аумағы – 2248 шаршы метр. Ең биік мұнарасы – 43 жарым метр. Қайырымдылық қаражатына салынған құрылыс 2016 жылы басталған. Қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасады. Төбесінен қарағанда үлкен гүлге ұқсайды. Сыртқы дизайны да соны меңзейді. Сондықтан да «Алланың гүлі» деп аталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!