{metadescription}
0:000:00
Алматыда жүрдек автобустар жолағы тағы бір көшеде пайда болады

Алматыда жүрдек автобустар жолағы тағы бір көшеде пайда болады

Қыркүйек айынан бастап Тимирязев көшесіндегі қоғамдық көліктер еш кедергісіз арнайы жолақпен жүйіткиді.

Әзірге БРТ желісі Тимирязев көшесінің бойымен Байтұрсынов және Байзақов көшелерінің аралығында салынып жатыр. Жыл соңында Жандосов көшесі де осы жүйеге көшеді. Келесі айдан бастап Тимирязев көшесімен қозғалатын автобустар сол жақ жолақпен жүреді. Аялдамалар жолдың ортасында орналасқандықтан, жеке көліктер оң қапталдағы жолаққа ауысады. Алайда, арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынады. Сондай-ақ, көшеде темір тұлпарларға солға бұрылу мүмкіндігі жоқ. Қазір аялдамалар ауыстырылып, белгілер өзгертіліп жатыр. Тек бір ғана көшенің құрылыс жұмысына жергілікті бюджеттен 4 млрд 200 млн теңге жұмсалған. Айта кетейік, жоғары жылдамдықпен жүретін автобустар жолы қала бойынша 2020-жылға дейін салынып бітпек. Сол уақытқа дейін қоғамдық көліктің жолағына өтіп кететін жүргізушілермен күресу үшін автобустарға арнайы камера орнату жоспарланған.
Жандос МҰРАТАЛИЕВ Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

-Қоғамдық көліктің ішінде камера тұрады. Көлік келе жатып қиып өтсе немесе сол жолмен жүретін болса онда қызметкерлердің тұруының қажеті жоқ. Видео фиксация жасайды да, бізге автоматты түрде түседі. Содан кейін біз тұрғылықты жер бойынша айппұлдарды жібереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде