{metadescription}
Оралдық мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны белгілі болды
Оралдық мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны белгілі болды

Оралдық мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны белгілі болды

Оралда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімнің өкпе дертінің ашық түрімен ауыратыны анықталды. Енді онымен қарым-қатынаста болған 180 оқушы жаппай тексерістен өткізілуде. Оның нәтижесі әлі шыға қоймаса да, мектеп басшылығы балаларға ешқандай қауіптің төніп тұрмағандығын айтып отыр.

Ғибарат Орынғалиева, мектеп директоры:

- Мектептің барлық қызметкерлері жазда профилактикалық тексерістен түгелдей өтті. Барлығына да жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қазіргі кезде мектепке түгелдей тазалық жұмыстары жүргізілді, дезинфекция жасалды. Оқу процесіне де кедергі келіп жатқан жоқ.

Шынымен де, Кох таяқшасын жұқтырып алған оқытушы өзгелермен бірге жазда медициналық тексерістен өткен екен. Ол кезде дәрігерлер оның денсаулығынан ешқандай кінәрат таппаған. Ұстаз тек бірінші тоқсанның аяғында кенеттен өзін жайсыз сезініп, 2-ші қараша күні еңбекке жарамсыздық парағын ашыпты. Содан бері мектепте төбе көрсетпеген ұстаз, қазір тиісті ем-домын алып жатыр. Ал, мамандар, қауіпті таяқшаның кез-келген адам ағзасында болатындығын, тек әлсіреп, созылмалы аурулар асқынғанда бас көтеретіндігін айтып отыр.

Гүлмира Кажушева, БҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бас маманы:

- Мұғалімнің эпидемиологиялық жағдайына тексеріс жүргізілгенде оның үй жағдайы қанағаттанарлық  жағдайда. 2011 жылды  ол пневмониямен ауырып, может соның емі дұрыс жүргізілмегендіктен болар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.