Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда үш жасар Максимнің қиналып өлтірілгені расталды
Қарағандыда ұсталған Игентай Сопыжанов 3 жасар баланы қинап өлтірген. Сараптама қорытындысы бүлдіршіннің өлер алдында қатты соққылар алғанын растады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
11.09.2019
Максим Гарифуллиннің екі қабырғасы мен кеуде сүйектері сынып, басы жарылған. Қаскөй оны ұрып-соғып қана қоймай, қылқындырып өлтірген. Сарапшылар бейкүнә сәби өлер алдында азапталған дейді. Ал Игентай Сопыжановт сот шешімімен тергеу кезіне екі айға абақтыға жабылды.
Еске салсақ, қыркүйектің 5-і күні Игентай Сопыжанов өзінің нақсүйерінің үш жасар ұлын тапа-тал түсте ұрлап кеткен. Үш күннен соң Максимнің денесі ауыл шетінде шөптің арасынан табылды. Қаскөй қыркүйектің 9-ы күні Қарағандыдағы теміржол вокзалында ұсталған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram