{metadescription}
0:000:00
Бұлттың арғы бетінде! Мүмкіндігі шектеулі актерлердің мюзиклі туралы бір ауыз...

Бұлттың арғы бетінде! Мүмкіндігі шектеулі актерлердің мюзиклі туралы бір ауыз...

«Бұлттың арғы бетінде». Ерекше театр актерлерінің елордалық көрермен назарына ұсынған музыкалық пьесасы осылай аталды. Көрсетілімнен ерекше әсер алған қауым ұзақ шапалақтады.  

Мейрам Абраев, актер:

Алғаш рет сахнаға шығып тұрмын. Режиссер бірден басты рөлге бекітті. Ең қиыны мәтінді жаттау болды. Төрт күн ұйықтамай, рөлімді жатсам да, тұрсам да оқыдым. Бұл мюзиклді барлық бала көрсе екен. Өйткені бәрі бақытты болуға лайықты.

Ым-ишарамен сахналанған көрініс өмірінің санаулы күні қалса да, арман-мақсатынан үмітін үзбеген жігіт туралы. Жас жігіт өмір ғажайыптарына сеніп, өзінің айналасындағы адамдардың ойын өзгерте алады. Мюзикл жанрындағы спектакльдің басты рөлін Мейрам Абраев сомдады. Қазір инклюзивті білім алып жүрген жеткіншек болашақта актер болуды армандайды.

Айтып өтейік, театр алты ай бұрын жұмысын бастаған. Құрамында 50-ден аса актер бар. Бәрінің де мүмкіндігі шектеулі. Ерекше актерлер бүгінгі күнге дейін 40-қа жуық қойылымды сахналап үлгерген.  

Құралай Түсбекова, Ұлттық дельфий комитетінің директоры:

- «Дегдар» қорының көмегімен Дариға Нұрсұлтанқызы келіп тамашалады. Ол біздің балаларымызға ойын жеткізді, мұндай театр керек екенін міндетті түрде қолдаймыз деген. Балалар риза болып, жобамыздың жалғасын күтуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.