Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мас күйі біреудің таксиін тартып алып айдап, екі адамды басып кетті
Елордада жантүршігерлік жол апаты. Арақ ішіп, такси айдап кеткен жігіт екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бірнеше метрге ұшып кеткен бала ауруханаға жеткізілсе, анасы сол сәтте-ақ жан тапсырған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
03.12.2019
Қанды оқиға таңғы сағат 7-лер шамасында болды. Елордалық кафелердің бірінен ішіп шыққан қаскөй такси жүргізушісін ұрып-соғып, «Лада» көлігін айдап кеткен. Арада алты минут өткен соң, сол машинамен жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан ана мен баланы басып өтіпті. 48 жастағы әйел оқиға орнында бақилық болды. Оның 14 жастағы ұлы ауруханада жатыр. Күдікті қазір уақытша қамау абақтысында. 23 жастағы азамат бұған дейін де ұрлық, тонау бойынша жазаға тартылған.
Ержан Сәденов, Нұр-Сұлтан қалалық ПД бастығы:
- Өлімге әкеп соққан жол жүрісі қағидасы бұзғаны үшін және автокөлік иесіне шабуыл жасағаны үшін біз сот ісәрекеттерін бастадық. Кінәсін тергеу барысында дәлелдейміз. Өтелмеген жаза мерзімі дейді ғой, бәрін сот қарайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram