{metadescription}
Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз шағым айтты
Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз шағым айтты

Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз шағым айтты

Жапония жағалауында карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт қазақстандық Сыртқы істер министрлігіне шағым айтты. Олардың жағдайы жақсы, барлық қажеттілікпен қамтылған, тек өздері туралы ақпаратты азайтуды сұрап отыр екен. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Олардың жағдайлары өте жақсы. Ешқандай да шағым айтқан жоқ. Біздің ақпаратқа сәйкес, ол жерде екі әйел және екі немересі бар, 8-12 жаста. Ертең 19-ақпанда карантин бітеді.

Төртеуі қазір қауіпті вирустың бар-жоғын анықтау үшін сынама тапсырып, нәтижесін күтіп отыр. Карантин аяқталған соң, жолаушыларды кемеден шығару жұмысы басталады. Бұл жұмыс, адамдар саны 3 мыңнан асатындықтан, екі күнге жоспарланған. Сыртқы істер министрлігі отандастарымызбен және Жапонияның денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты байланыста. Жолаушылар тамақпен қамтамасыз етілген. Жапония тарапы кемедегі бақылау нәтижесінен соң барлық азаматтарды екінші мәрте тексеріп шықпақ. Егер қазақстандықтардан коронавирус анықталмаса, олар қалаған уақытында елге орала алады.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде