{metadescription}
Полицей қағып кеткен әйел сол сәтте жан тапсырды – Жамбыл облысы
Полицей қағып кеткен әйел сол сәтте жан тапсырды – Жамбыл облысы

Полицей қағып кеткен әйел сол сәтте жан тапсырды – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қатты соққыдан 48 жастағы әйел сол сәтте жан тапсырған. Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайға себепкер болған тәртіп сақшысы  оқиға орнынан қашып кетті деген еді. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды.

-Адам өліп кеткен. Нөмірсіз тұрған ақ «Нива» қаққан.

Оқыс жағдай кеше түнде Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі «Нива» көлігімен мыжып өтіпті. Жергілікті тұрғын тілге келместен жан тапсырған. Куәгерлер «жүргізуші мас болған, әрі өзінің полицияда істейтінін жасыру үшін қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкетті» деп дабыл қаққан. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шықан жүргіншіні аға лейтенант абайсызда таптап өткен. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті «күдікті жазасыз қалмайды» деп сендірді.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

-Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде