{metadescription}
Көкшетаулықтар көмір алу үшін апталап кезек күтуге мәжбүр
Көкшетаулықтар көмір алу үшін апталап кезек күтуге мәжбүр

Көкшетаулықтар көмір алу үшін апталап кезек күтуге мәжбүр

Көкшетаулықтар қыраулы қысты үреймен күтіп отыр. Өйткені  қарашаның қара суығында жағатын көмір жоқ. Қыстық отын іздегеннің бәрі теміржол тұйықтарында орналасқан алыпсатарларды аңдумен жүр. Тіпті кей тұрғындар көмір алу үшін көлігімен апталап кезек күтуге мәжбүр.

Күнделікті келетін екі-үш вагон көмір бәріне бірдей жетпей жатыр. Тоңып бүрсеңдеген тұрғындардың мұңын КТК тілшісі тыңдап келді.  

Көкшетаулықтар көмір іздеп сандалып жүр. «Үйіліп жатқан мардымды жылуы жоқ көмірді жәй берсе де – алмаймыз»,- дейді. Айтуларынша, оның өзі былтырғы көмір екен. Ал шұбаркөл іздеп шұбырған жұрт апталап осы маңды торуылдауға мәжбүр.    

Теміржол тұйықтарында ұзын-сонар созылған  жүк көлік. Апталап  емес, айлап жүргендер де бар. Бірақ кезек жылжымайды. Өйткені кезексіз киліккен тіркемесі бар КамАЗдар бар көмірді тиеп әкетуде. Өйткені «өзімбілемдікке» салынған көмір сатушылар тек өз тамыр-танысына беріп жатыр дейді жиналғандар. Сондықтан күніне екі-үш вагон жеткізілетін қара кесек бәріне бірдей жетпейді. Ал жылуы жоқ сапасыз көмірді тұрғындар сатып алмаймыз деп отыр.

Жудан Омаров, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Ондай көмір жағу үшін екі машина отын керек. Сонда бағасын есептеп көріңіз. Әкімдіктегілер үйіндегі пешіне жағып көрсін. Сонда ғана ол көмірден қандай қызу бар екенін көреді! Егемен мемлекет болғаннан кейін, шұбаркөл көмірінің үстінде отырғаннан кейін, өз халқымызды өзіміз қамтамасыз ете алмасақ, біз неғылған мемлекетпіз?! Ешкім оны тегін бер деп айтып жатқан жоқ!

Қысы қытымыр солтүстікте қазірдің өзінде қара суық. Тұрғындар пеш жағуды бір ай бұрын тастап кетіпті. Бірақ көпшілігі көмірсіз қалған. Ал әкімдіктегілер қалада қыстық отын тапшы емес деп сендірді.

Жанна Әбдірахманова, Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- 1-қарашадағы кәсіпкерлік бөлімінің мониторингі бойынша Көкшетау қаласында 3150 тонна көмір бар. Одан шұбаркөл көмірі 560 тонна. Қазіргі теміржол тұйықтарында кезектің көптігі біздегі Сандықтау, Бурабай, Зеренді ауданының өкілдері келіп осы біздің тұйықтардан көмір алады. Жалпы қала бойынша көмір тапшылығы жоқ.

Шенеуніктер «тапшылық жоқ» дегенімен, көмір кезегіндегі көлік саны күн санап  көбейіп келеді. Тіпті отынға таласқандар кейде жаға жыртысып төбелесуге дейін барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.