{metadescription}
Түркістан облысы: Тасқыннан ес жиғандар балшықтың ортасында отыр
Түркістан облысы: Тасқыннан ес жиғандар балшықтың ортасында отыр

Түркістан облысы: Тасқыннан ес жиғандар балшықтың ортасында отыр

Түркістан облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдар балшықтан әлі арыла алмай жатыр. Облыс әкімі арнайы тапсырма беріп, «техника мен адам күші жеткілікті» дегенімен, аулалар мен қора-қопсыны лайдан тазалауға мемлекеттік қызметкерлер тартылыпты.

Техниканы ауыл әкімдері демеушілер есебінен өзі ұйымдастыруға мәжбүр. «Өлген малдың саны әдейі азайтылып есептеліп жатыр», - дейді тұрғындар. Тасқыннан зардап шеккен Сарапхана ауылында тұншығып өлген малдардың да есебі бұрмаланып жатыр дейді тұрғындар. Ауылда мал бағатын қойшының қорасындағы 400 қойдың 213-і арам қатқан. Бірақ жергілікті билік  өлген малдың санын 157 деп есептепті. «Сырғасы жоқ төрт түлік есеп-қисапқа кірмей қалды» - дейді Нұрғали Қоңыратбаев.

Нұрғали Қоңыратбаев, малшы:

- Сырғаланбаған малды есепке алмаймыз деп жатыр. Өздері үш жылдан бері сырға салуды тоқтатқан. Сырға салуды қойды. Баяғыда жылда көктемде салушы еді, енді ондай жоқ. Мойныма ілініп кете ме, менде  шиеттей бес балашағам бар. Үрейленіп отырмын.

Ал тасқыннан енді ес жиып жатқан ел әлі балшықтың ортасында отыр. Жарты сағаттық жауыннан кейін қырдан аққан сел көше, аулаға лай болып кірген еді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі тасқын салдарын жою туралы тапсырма беріп, төтенше жағдай министрі «күш те, техника да жетеді» деген. Бірақ ауыл әкімдігінің тоғыз қызметкері ғана күрек-кетпенмен мықшыңдап жүр. Ал тұрғындар жоғарыдағылардың өтірік есебіне өкпелі.

Сусар Жонасова, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

- Біз үкіметтің бір сом ақшасын, көмегін көрген емеспіз, Құдайым қаратпайақ та қойсын. Тек осындайда, қиыншылық басымызда тұрған уақытта көмек, жәрдем, моральдық көмек керек. Облыс Шөкеевіңнен де, адамдардан да, техникадан да, еш көмек көрген жоқпыз. Өзіміздің ауыл әкімінің балалары, байғұстар, қолына бірбір күрек алып, шамасы келгенше істеп жүр.

Тұрғындар селден қорғауға тиіс арықтардың тарлығы тасқынға себеп болды дейді. Өйткені ауыл іргесінде қазылған арналар тым тар, терең емес екен. Оған қойылған құбырлар да сел суынан құтқаруға қауқарсыз деп отыр.

Еркебек Ұрқымбаев, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

- Осындай су. Айтамыз. Бірақ арықты істеп берген, мынаны қазып, одан кейін кішкене құбыр қойып кеткен. Бірақ одан су асып кетіп, ауылға қарай ағып жатыр.

Ауылда бұрын селден қорғайтын жүйе болғанымен, кейінн бәрі істен шығыпты. Бұрын бұл ауылдың ортасында қырдан келген су құйылатын ескі арна болған екен. Оның орнын қазір де байқауға болады. Бірақ кейін арнаның үстіне үйлер түсіп, арық жазыққа айналып кеткен. Судан жыл сайын зәрезап болған тұрғындар осы арнаны қалпына келтірсе тасқыннан құтылар едік дейді.

«Төрт күн бойы осында жүрміз» деген ауыл әкімі сел қаупі жоғары екенін Қазығұрт ауданының әкімдігіне «былтыр да ескерттік» дейді. Сондықтан арықтарды кеңейтуді ұсынғанымен, қазу, құбыр қою жұмысы «бес жылда ғана жаңаланады» деген басшылар елемепті.

Әбдіқасым Тұрғараев, Сарапхана ауыл округінің әкімі:

Арық қазылған, осыдан бес жыл бұрын. Биыл бесінші жыл. Қазылып, құбыр қойылып, қаржы бөліп бәрі істелінген. Бұрын қазған арықтың арнасы тар. Бірден көп су келгеннен кейін. Ал су келгеннен кейін кеңейтуге ұсыныс жасап жатырмыз.

Ауыл әкімі материалдық шығын жоқтың қасы деп отыр. Сондықтан тасқын салдарын жойып бітсе, келешекте сел жүру қаупін жоюға бар күшімізді саламыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.