{metadescription}
Алакөл өрт: «Шаш етектен шығынға баттық»
Алакөл өрт: «Шаш етектен шығынға баттық»

Алакөл өрт: «Шаш етектен шығынға баттық»

Алакөлде отқа оранған демалыс орындарының қожайындары шаш етектен шығынға баттық деп шырылдап отыр. Тілсіз жаудың кесірінен бір ғана кәсіпкердің өзіне 150 миллион теңге залал келген. Өрт кезінде төрт база мен 20-ға жуық ғимараттың күлге айналғанын ескерсек, қаржылық шығын көлемі бірнеше жүз миллионға бағаланады. Сондықтан несие алып кәсібін бастағандар бір түнде барымыздан айырылдық деп тиісті орындардан көмек сұрауға мәжбүр.

-Шығатын жер қайда? Мында, мында...

Көршілес ғимараттан шыққан өрт «Әйгерім» демалыс  базасына лап қойған. Сол сәтте, жалынның құрсауында қалған демалушылар кірген есіктерін таба алмай есеңгіреп қалыпты. Өйткені, ағаштан салынған төрт үй қағаздай жанып, жұрттың үрейін ұшырған.

Ольга Коваленко, қонақ үй әкімшісі:

- Қонақтарды киімкешегімен бірден оттың ортасынан алып шығуға тырыстық. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.  Енді не істерімізді білмейміз? Жазғы демалыстарын біздің қонақ үйде өткізуді жоспарлаған , туристар түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз.

Осылайша, тілсіз жау 72 орынға есептелген қонақ үй тып-типыл еткен. Ішіндегі дүние-мүліктің де күлі ғана жатыр.Қазір келген шығын көлемі шамамен 150 миллион теңгеге бағалануда.

Әйгерім Омаралинова, кәсіпкер:

- Біз мемлекеттен көмек сұраймыз. Мұның барлығы несиеге салынған еді. Оны әлі төлеп отырмыз. Нақты айтқанда, 150 млн, теңге шығын бар. Бұған туристерге қайтарып беретін қаражатты қоспадық.

Жалпы бір тәуілік бойы өртенген төрт демалыс базасында жиырмаға жуық нысан жанып кетті. Енді кәсіпкерлер, күлі көкке ұшқан кәсіптерін қалай қалпына келтіретіндерін білмей дал. Ал құрылған арнайы комиссия шығынды есептеу үстінде.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір Алакөл жағалауында 207 база қалыпты түрде қызмет көрсетуде. Төрт демалыс орнында өрт болған. Қазіргі күні мемлекеттік комиссия жұмыс атқарып жатыр.

Атқамінерлердің мәліметінше, өрттің нақты неден шыққаны әзірге анықталған жоқ. Дегенмен, олар сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалғанын жеткізді. Ал, шығынға баттық деген кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдаудың болар, бомасы әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде