{metadescription}
Алтын қазумен айналысқан азамат жан тапсырды
Алтын қазумен айналысқан азамат жан тапсырды

Алтын қазумен айналысқан азамат жан тапсырды

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде заңсыз алтын қазумен айналысқан 42 жастағы азаматты қиыршық тас басып қалған. Ол сыбайластарымен бірге 610 метр тереңдіктегі шахтада жарылғыш зат қолданғаны белгілі болды. Салдарынан кеніш опырылып, екі адам үйінді астында қалған.

Рүстем Қаракесов, «Қазақалтын» ЖШС Бас директоры:

Бестөбе кенішіндегі бұл шахталар жұмысын тоқтатқанына бір жылдан асты. Оған біздің компанияның кінәсі жоқ. Кен орындарының төменгі жағын жаңбыр суы басып жатыр. Заңсыз алтын іздеушілерге қауіпті екенін талай ескерттік. Соған қарамастан соңғы екі жылда 4 мыңға жуық алтын іздеуші ұсталды.

«Западная» шахтасына түскен 3 адам да Бестөбе кенішінің жұмысшылары емес. Үшеуі осыған дейін кеніш кезіп, заңсыз алтын іздегендері үшін бірнеше рет жауапқа тартылыпты. Бірақ алтын көріп жолдан тайған олар тағы да 610 метр тереңдіктегі шахтадан бір-ақ шыққан. Тіпті өздерімен жарылғыш зат алып барып, сол жерде жарған. Күшті дүмпуден кен орнындағы қиыршық тастар құлап, екеуін басып қалыпты. Ал үшіншісі осы кезде оқиға орнынан алысырақ жерде ас әзірлеп жатқан. Ол жарылысты естіп жүгіріп барғанымен тек біреуін ғана құтқарып қалған. Оның денесінің сау тамтығы жоқ. Ауыр жарақат алған алтын іздеуші ауруханада жатыр. Ал 42 жастағы азамат сол жерде жан тәсілім еткен.

Әсел Әбдірахманова, Ақмола облыстық ПД ресми өкілі:

- Қайтыс болған азамат Заводской кентінің 1980 жылы туған тұрғыны. 3-і шахтаға осыдан екі апта бұрын яғни, 5-ші шілде күні түскен. Қазір 3-ші адамға «Күзетілетін нысанға рұқсатсыз кіргені» үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері кеніштерде заңсыз жолмен алтын іздеген 500 адамды ұстаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде