{metadescription}
0:000:00
Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайтын болды

Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайтын болды

Қазақстан Украинадан енді дәрі-дәрмек сатып алмайтын болды. «СҚ-Фармация» геосаяси жағдайларға байланысты шұғыл шешім қабылдап, екі ел арасындағы келісімшартты тоқтатты. Бұл ел нарығын препараттармен қамтуға кері әсерін тигізбепті.

Бауыржан Жүсіпов, «ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры:

Украинадан арнайы келісімшартпен біз 20 дәрідәрмек түрін сатып алатын едік. Сол оқиға пайда болғаннан кейін, әрине, бұл форс-мажор болып есептелінеді. Сол бойынша арнайы келісімшарттар жойылып, оның орнына басқа елдерден шығарылатын дәрі-дәрмек сатып алу процесі жүргізіліп жатыр. 80 пайыз дәрі-дәрмек басқа елдерден сатып алынды.

Украинадағы жағдай есесіне логистикаға әсерін тигізуде. Дәрі-дәрмектерді елге жеткізу үшін «СҚ Фармация» балама жолдарды іздеп барын салып жатыр. Мұндай жұмысқа біршама уақыт жұмсалады, сәйкесінше, бірыңғай дистрибьютор препарат бағасын өсіруге мәжбүрміз дейді.

Бүгінгі брифингте журналистер ескі жараның аузын ашуға тырысты. Коронавирус пандемиясында елімізде дәрі тапшылығы сезілгенін, денсаулық сақтау саласы оған дайын болмағанын басшылардың есіне салды. Компания енді ешқандай проблема болмайды деген сенімде. Өйткені дәрі-дәрмектерді тіркеу автоматтандырылған, барлық сатып алу электронды форматқа ауыстырылған. Медикаменттер үнемі толықтырылып отырады екен.

Ерхат Есқалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

Иә, пандемия өршігенде дәрідәрмек тапшы болды. Өйткені ол жағдайға ешкім дайын болған жоқ. Көпшілік бізді жеке дәріханаларға қызмет көрсетеді деп айыптайды. Олай емес. Біз тек медициналық ұйымдарға қызмет көрсетеміз және ол үшін жауап береміз. Есеп қалған тауарлар бойынша жүргізіледі. Қазір күн тәртібіндегі барлық мәселе толық алынып тасталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде