Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Air Astana компаниясына төртінші рет айыппұл салынды
Уақытында ұшпағаны үшін жауапқа тартылды. Азаматтық авиация комитеті рейсті кешіктіргені үшін осымен Air Astana компаниясына төртінші рет айыппұл салды. Ведомства мәліметінше, 16-шілде күні «Эйр Астанаға» қарайтын Fly Arystan компаниясының Алматы-Атырау бағыты бойынша рейс 12 сағат 9 минуттан кейін аттанған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
05.08.2022
Осы уақыт аралығында жолаушыларды талапқа сәйкес қонақ үйге де жайғастырмаған. Сол себепті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабы, 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, үш миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. «Эйр Астана» соңғы бір айдың ішінде рейсті төрт рет кешіктіріп, жалпы сомасы 12 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Бүгін компания басшылығы баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайды түсіндіруге тырысты. Жазда рейстерді кейінге қалдырудың негізгі себебі – техникалық ақау, ұшақтың кеш келуі және әуежайлар қойған шектеумен байланыстырды. «Эйр Астана» рейстерінің уақытында орындалуы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,7 пайызға төмендегенін де ашық айтты.
Питер Фостер, Air Astana компаниялар тобының президенті:
- «Эйр Астананың» барлық командасы рейстерді уақытмен орындау көрсеткішін жақсарту үшін жұмыс істейді және жолаушылардың қауіпсіздігі біздің басты басымдылығымыз. Кешігуді азайту үшін біз рейстер санын қысқарттық және Airbus А320 резервтік ұшағын бөлдік. Сонымен қатар біз Ақпарат және брондау орталығының штатын үлкейтіп, жедел желі аштық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram