Ақтауда 1 млрд теңгеге қоқыс жәшігін сатып алмақшы
Ақтау қаласының әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 миллиард теңге жұмсамақшы. Қомақты қаражатқа 192 контейнер сатып алу көзделген.
Автор: Ислам Қабылұлы
04.03.2025
Себебі: теңіз жағасында үнемі жел соғып тұрады. Сондықтан уақтылы жиналмаған қоқыс қаланың сәні мен тазалығын бұзып тұр дейді шенеуніктер. Осы мәселені біржола шешуге жерасты контейнерлерін орнатпақшы. Қала билігі былтыр осындай 10 қоқыс жәшігін қойып, оның тиімділігіне көз жеткізіпті. Енді биыл әр данасы төрт жарым миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлмекші.
Бақтияр Мақсатов, Ақтау коммуналдық‑шаруашылық бөлім басшысының орынбасары:
— Биыл жер асты контейнерлерінің 192-ін сатып алу жоспарланып, конкурс жүргізіліп жатыр. 192 дегеніміз, контейнерлер 192 жерге орнатылады. Бұл жүйеде контейнер бар, сонда барлығы 576 контейнер. Бұл бір текше метрлік. Бұрынғы контейнерлер 1,75 текше метр болса, бұл контейнерлердің іші 1/1, яғни көлемі үлкенірек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!