{metadescription}
0:000:00
«Өз еркімен». Алматыдан 3 жарым мың жігіт әскерге аттанды

«Өз еркімен». Алматыдан 3 жарым мың жігіт әскерге аттанды

Елімізде көктемгі әскери шақыру науқаны басталды. Биыл бір Алматының өзінен үш жарым мың жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге міндеттелген. Алғашқы легі бүгін аттанды. 

Мейіржан Жанатбек, әскерге шақырылушы:

Анам да, әкем де әскерде қызмет еткен. Солардың ізін қуғым келді енді, сол себептен қазір осы жерде жүрмын. Осы жерде өсіп-өндім. Осы Қазақстанда, Алматыда. Өз халқымды қорғау үшін. Бір жылдан кейін жалғастырамын. Шатпен қалып, 3-5 жыл қызметте қалатын сияқтымын.

Жасы жетіп әскерге шақырылған 30 жігіт бүгін 13 дәрігердің қарауынан өтті. Бойы, салмағы өлшеніп, тістеріне дейін тексерілді. Осылайша сарбаздар қатарын толықтырамын деген жас өрендер түгел жарамды деп танылған. Енді олар қорғаныс министрлігінің, мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет етуге шет-шетінен аттанады. Отан алдындағы борышын бір жыл бойы өтеуге жөнелтілмес бұрын, әрқайсысы ата-анасымен қоштасып алды.

Ержан Хамитов, Алматы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

Бүгін кетіп жатқан жас шақырушылардың ата-аналарына алғысымды білдіргім келеді. Өйткені бала кезімнен осындай бала тәрбиелеп, патриотизмге баулыған. Балалар өз еркімен, өз қалауымен кетіп бара жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде