Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым отставкаға кетті
Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды. Шешім Парламент Палатасының отырысында қабылданды.
13:34 29.11.2017
«ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына сәйкес, ҚР Конституциялық заңының 24-бабының 3-тармағына және орнынан түсу туралы өтініштің негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен. Дауыс беру қорытындылары бойынша Әбдрайымның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.
«Біздің елдегі ең ірі саяси күш – Елбасы жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы. Мен сіздермен екі жыл бірге жұмыс істегеніме өте қуаныштымын және бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Болашақта, жаңа салада сіздермен тығыз қарым-қатынаста боламыз деп үміттенемін», - деді Әбдірайым.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Бақытжан Әбдірайымға жаңа жұмысында сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, Бақытжан Әбдірайым Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайыммен жеке кездесуінде оны жаңа тағайындалуымен құттықтап, еңбек қатынастарын реттеуде кәсіподақтардың маңызды рөлін және қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруды атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram