{metadescription}
Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық мәселесін шешуді қолына алды

Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық мәселесін шешуді қолына алды

Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының президиумын басқаратын болды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз хабарламасында айтылған.
29 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының тұсаукесері өтті.

«Қауымдастықтың Президиумын «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының» жетекшісі Әлия Назарбаева басқарады. Қор, өз кезегінде, экологиялық мәселелермен айналысады. Қауымдастықтың қамқоршылар кеңесі «Жасыл өсім» тұжырымдамасының авторы болып табылатын «жасыл» экономикадағы Нобель сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунг.

Экологиялық ұйымдардың қауымдастығының алдында мынадай міндеттер тұр:
1) жүйелі экологиялық бастамаларды қалыптастыру және жылжыту үшін алаң құру;
2) халықаралық ынтымақтастықты дамыту, инвестициялар тарту, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу, халықаралық сарапшыларды тарту;
3) «жасыл» технологияларды енгізу, қалаларда тұрақты даму қағидаттары бойынша инновацияларды дамыту және экологиялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер жөніндегі заңнамасын жетілдіру.

Қауымдастыққа барлық мүдделі үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Желтоқсан айында Астана қаласында Қауымдастық мүшелерінің бірінші отырысының алқалы жиынында экология мәселесі бойынша заңнаманы жетілдіру талқыланады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.