Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Головкин мен «Канелоның» матч-реваншы қай жерде өтетіні белгілі болды
Оскар Де Ла Хойя "Канело" мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты.
09:07 14.12.2017
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші кездесуі қайда болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Жекпе-жек Лас-Вегаста болу керек. Оның үстіне көптеген аренаға мұндай деңгейдегі кездесулерді өткізу қиын. Мысалға, Далласта кабелді телеарна арқылы жекпе-жекті қарайтындай қонақүйлер аз. Ал, Лас-Вегаста туристер үшін индустрия: мейрамханалар, шоу... бәрі бар. Сондықтан, Лас-Вегас біз үшін қазір бірінші нұсқа болып тұр», - деді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Ал GGG промоутері Том Леффлер реваншты өткізуге тек үш аренаны көздеп отырғанын мәлімдеді. Олардың ішінде, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena бар. Бұл жерде Головкин мен «Канелоның» алғашқы кездесуі өткен. Бірақ Леффер келесі жекпе-жекті басқа қалада өткізгісі келінін жеткізді.
Сондай-ақ, Том Леффлер "Канело" өкілдерімен бірге 2018 жылдың 5 мамырында өтетін кездесуді ойластырып, талқылып жатқандарын растады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram