Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Сеул мен Пхеньян бір-біріне жылы қабақ танытты
Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері арасында «шұғыл желі» қалпына келтіріліп, тараптар телефон арқылы сөйлесті.
16:32 03.01.2018
Тараптар келіссөздер жүргізуге және факс жіберу үшін еш кедергі жоқ екеніне көз жеткізді, - деп жазады Вести.ру.
3-ші қаңтардан бастап КХДР мен Корея Республикасы арасындағы қарым-қатынас жылыды деп айтуға болады.
Екі ел өкілдері қалпына келтірілген «жедел желі» бойынша телефон арқылы сөйлесті.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 15.30-да Солтүстік Корея тарапынан Пханмунчжом бақылау пунктінде, демилитаризацияланған аймақта арнайы байланыс орнатылды.
Тараптар «шұғыл желі» арқылы Пхенчхандағы Олимпиадаға Солтүстік Корея командасының қатысуын, сондай-ақ жарыстардағы ынтымақтастықты талқылайды.
Сеул КХДР көшбасшысының солтүстіккореялықтардың Ойындарға бару жөніндегі бастамасын құптады.
Мемлекеттердің достық қарым-қатынасы 9 қаңтарда Корей түбегі елдерінің арасында жоғары деңгейде табысты келіссөздер жүргізуге үміт береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram