{metadescription}
Амир Хан Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесуге болжам жасады

Амир Хан Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесуге болжам жасады

Алғашқы орта салмақтағы экс-чемпион британиялық боксшы Амир Хан өзінің бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы қарымта кездесу туралы пікірін айтты.


5 мамырда Головкин мен Альварес алғашқы жекпе-жегін өткізген Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады.

"Бұл тамаша қарымта кездесу болады. Алғашқы жекпе-жектері де жақсы өтті. Бұл жолғы жұдырықтасу одан да күштірек болмақ деген ойдамын. Бокс үшін жақсы кеш болғалы тұр, өйткені жанкүйерлер осындай жекпе-жектерді тамашалығысы келеді. Жанкүйерлерге осындай жұдырықтасулар көрсету қажет. Осы жолы "Канело" жеңеді деп ойлаймын", - дейді Амир Хан Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Алайда үш салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Шейн Мозли бұл кездесу жеңімпазы туралы пікірі басқа. Оның айтуынша, алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңген және бұл жолы да сол жетістігін қайталайды.

Головкиннің өзі үнемі нокаут туралы айтатын мексикалықты сынға алды.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде