{metadescription}
ВИДЕО: Дәрігерлер әйелдің құлағына кіріп кеткен өрмекшіні тірідей алып шықты

ВИДЕО: Дәрігерлер әйелдің құлағына кіріп кеткен өрмекшіні тірідей алып шықты

Дәлізде ұйықтап қалған әйелдің құлағына өрмекші кіріп кеткен.

Құлақтың ішінде өрмек тоқып үлгерген жәндікт дәрігерлер тірідей шығарып алды.

Оқиға Үндістанның Хевбале қаласында болған. 46 жастағы әйел дәлізде ұйықтап қалып, құлағы қатты ауырғаннан оянып кеткен.

Басы ауыра бастағасын ауруханаға келіп, дәрігерге қаралған. Оның құлағына өрмекші кіріп кеткені, тіпті оның өрмек тоқып үлгергені белгілі болған.

Лекшими қатты қорқып қалған. Абырой болғанда, дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсеткен. Дәрігерлер оның құлағына сұйық дәрі құйғаннан кейін, өрмекші өз бетінше сыртқа шыққан.

Жергілікті дәрігерлер мұндай жағдай жиі кездесетінін айтуда.

«Адамның басында әртүрлі заттар қалып қоятын жағдайлар да кездеседі. Алайда, тірі насекомдар түсетін болса, жағдай өте күрделенеді. Әдетте, пациенттер үрейленіп, абыржи бастайды»,  — дейді дәрігерлер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде