{metadescription}
Хирург пациенттерін нәжіспен емдеп келгені анықталды

Хирург пациенттерін нәжіспен емдеп келгені анықталды

Францияның Ренн қаласында бұрынғы хирург өз пациенттеріне нәжістен жасалған екпе еккен.

Ол заңсыз медициналық әрекеті үшін сотты болды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2006 жылы адамдарды алдағаны үшін дәрігерлер Орденінен айырылған дәрігер 2011 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылға дейін дәрігерлік қызмет көрсеткен.

Сонымен қатар бұрынғы хирург өз клиенттеріне нәжіс негізіндегі емді қолданып көруді ұсыныпты. Нәжістер үлгісі шетелдік зертханаға жіберіліп, ол жерде бактериялық инфекцияға қарсы екпе жасау үшін, нәжіс өңдеуден өткізілген.

Шамамен 80 жастағы айыпталушыға медициналық қызмет көрсетуге ақтық тыйым мен 5 мың еуро (шамамен 2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Бұрынғы хирургке қатысты сот шешімі 3 сәуірде шығады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.