Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Мысыр мумиясынан тарихтағы алғашқы обыр белгілері табылды
Ғалымдар диагноз қойып үйренбей тұрып адамдар онкологиялық аурулардан зардап шегетінін дәлелдеді.
19:25 03.04.2018
Бірақ жаңалықты ашуға тек заманауи әдіс көмектесті.
Ежелгі мысырлықтар - онкологиялық аурулардан зардап шеккен адамзаттың алғашқы өкілдері. Бұл тұжырымға Гранада университетінің физикалық антропология профессоры Мигель Сесилио бастаған зерттеушілер тобы келді. Ғалымдар компьютерлік томография көмегімен Мысырдың Асуан қаласындағы мазардағы бірнеше мумияның қалдықтарын зерттеді.
Зерттеу қорытындысы: әйел біздің эрамызға дейінгі шамамен 2000 жыл бұрын омырау қатерлі ісігінен өлген, еркек - одан 200 жыл бұрын көптеген миеломадан (жұлын майын жоятын аурудың түрі) көз жұмған.
Профессор Боллелла Лопес компьютерлік томография ежелгі мумияларды тиімді зерттеуі мүмкін дейді.
«Бұл сканерлеу - ең жақсы әдіс, өйткені ол мумияларды жоймай зерттеуге мүмкіндік береді және бүгінде бұл жалғыз тиімді әдіс болып табылады». Біз бұл адамдардың физикалық сипаттамаларын мен олардың жүздерін көруге мүмкінгдік алдық" - дейді профессор.
Сканер бір уақытта 134 тілімге дейін алуға мүмкіндік берді. КТ көмегімен ғалымдар тұңғыш рет 9 жастағы бір бала мен Кәрі Патшалықтағы жасөспірім қыздың толық сақталған мумияларын тексере алды. Оларда қатерлі ісік жоқ болып шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram