{metadescription}
ФОТО: Атыстан аман қалған оқушылар арнайы сөмкемен жүруге мәжбүр

ФОТО: Атыстан аман қалған оқушылар арнайы сөмкемен жүруге мәжбүр

Мектеп әкімшілігі бұл шараның оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалғанын алға тартты.

Флорида штаты Паркленд қаласындағы мектепте 17 адамның өмірін жалмаған атыстан кейін оқушылар көктемгі демалыстан оралды.

Бірақ олар жаңа қауіпсіздік шараларына бағынуға мәжбүр болды. Атап айтқанда, оқушыларға ашық сөмкемен жүру талап етілді. Мектеп оқушылары осыдан кейін басшылықты жек көріп, оларға қарсы тұрған.

Оқушылар бұл жүйені адамның жеке өміріне араласу деп таныды. Сондай-ақ олар енгізген қауіпсіздік жүйесі мәселені мүлде шешпейді дейді. Ал үнемі тексеру мен іздестіру жүргізілген кезде балалар өздерін түрмедегідей сезінеміз деп отыр.

Ал, кейбіреулері сөмкелеріне су толтырып келіп, жаңа жүйені күлкіге айналдырған.

Дегенмен оқушылардың бәрі бұл наразылық нысанымен келіспейді. Мысалы, 16 жасар Рейчел Пэднис жаңа қауіпсіздік шараларына қарсылық білдіретіндей ештеңе жоқ дейді.

Алайда, оқушы егер біреу мектепке қару алып келгісі келсе, оны міндетті түрде жасайды деген пікірде.

«Көптеген оқушылар қаптамалар немесе сөмкелер сияқты тексермейтін ланч-қораптарды қолданады. Меніңше, металл детекторлар немесе басқа да құрылғыларды қолдану тиімдірек болады. Бірақ бұл жағдайда 3200 оқушы білім алатын мектепте көп сағаттық кезек түзіледі»,-дейді қыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде